Қоғам

Қазақстанның төрт облысында дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Серикжан КовланбаевСубұрқақ
Субұрқақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атырау және Маңғыстау облыстарында аптап ыстық болады, Қызылордада қатты жел тұрады, Қостанай облысында бұршақ жауады

АСТАНА, 11 шілде — Sputnik. Қазақстанның төрт облысында аптап ыстық пен қатты желге байланысты дабылды ескерту жарияланды.

Жаз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шілде айында ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 12-13 шілде күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, шаңды дауыл тұрады.

12 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, найзағай кезінде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанып отыр.

12 шілде күні күндіз Атырау облысының кей жерлерінде 41 градус аптап ыстық болады.

12 шілде күні күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде 41°С қатты ыстық сақталады.

Жаңалықтар
0