06:42 20 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD367.30
  • EUR419.68
  • RUB5.58
Құжаттар

Әсет Исекешевтің орынбасарына түскен шағым бойынша тергеу жүріп жатыр

© Sputnik / Рамиль Ситдиков
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
112 0 0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның ақпаратынша, тергеу бизнесменнің арызынан кейін басталған

АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазіргі таңда Астана қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі елорда әкімінің орынбасары Хорошунның заңсыз әрекеттері туралы Машуровтың арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", — деп мәлімдеді Жахин брифингте. 

Жахиннің айтуынша, арызда көрсетілгендей, Машуров "Тамыз Инвест Груп" құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, Хорошунге қамқорлығы үшін мүлкін берген. Қазіргі таңда Машуровтың дәлелдері тексеріліп жатыр. Қылмыстық-процессуалды кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді.

Ашық дереккөздердегі ақпаратқа сүйенсек, 52 жастағы әр жылдары Ақмола темір жолының инспекторы, "Горкоммунхоз" басшысының орынбасары, коммуналдық шаруашылығы департаментінің директоры болып қызмет атқарған. Астана әкімінің орынбасары болып 2006 жылдан бері істеп жүр. 

Бұған қоса, "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры директорлары кеңесінің мүшесі. "Құрмет" орденімен марапатталған.

Астана әкімі Тұрсынбек Қабатовқа қызмет ұсынды

Тақырып бойынша

Ақмола облысында ірі көлемде пара алған судья ұсталды
Риддердегі атышулы жол апаты: әкім орынбасары сот алдына келеді
ОҚО-да департамент басшысының орынбасары ұсталды
Дәурен Абаевтың орынбасары ауысты
Кілт сөздер:
әкім орынбасары, тергеу, Әсет Исекешев
Загрузка...

Басты тақырыптар