Қоғам

"7-20-25": Астана тұрғындары банкте сағаттап кезекте тұр

© Sputnik / Медина КураковаТұрғын үй құрылыс жинақ банкі
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылғалы банктерде кезекте тұрғандардың қарасы қалың

АСТАНА, 12 шілде — Sputnik. Астана тұрғындары "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы бойынша кредит алуға құжаттар тапсыру үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Бағдарлама бойынша кредит беретін банктердің бірінің бөлімшесінде тұрғындар Sputnik тілшісіне кейбір адамдардың менеджерге таңертеңнен бері кіре алмай отырғанын айтып шағымданды. 

"Адамдар жылап жүр! Күтіп отырғанымызға алты сағат болды, бір жарым сағат бұрын әйелдердің бірі банк басшылығына барып, сағат тоғыздан отырғанына шағымданды. Түс кезінде екі-үш адам ғана жұмыс істеді. Төрт-бес адам тамақ ішуге кетті! Ал банкке келген адамдар көп", — деді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенті. 

Жиналғандардың жартысы дерлік 1 шілдеден іске қосылған "7-20-25" бағдарламасы бойынша құжат тапсыруға келгендер. 

"Бағдарлама жақында ғана іске қосылды, сондықтан кемшіліктер бар. 7 әріптес банктің тек екеуі ғана құжат қабылдап жатыр", — деді Астана тұрғыны. 

Тағы оқыңыз: 7-20-25: кім, қалай және қандай бағамен пәтер алады? 

Жанерке және Адель есімді банктің бұрынғы клиенттері басқа қызмет алу үшін келген, бірақ олар да бүгінгі кезекке наразы. 

"Мен талонды сағат 12-де алдым, ал қазір сағат 16.30 болды. Бұл дұрыс емес. Желдеткіш жоқ, орындықтар аз. Баламен бұл жерге келу мүлдем мүмкін емес. Тіпті біз үйге барып, тамақ ішіп келуге үлгердік", — дейді олар. 

Банк "7-20-25" бағдарламасының іске қосылуына байланысты туындаған жағдай бойынша түсініктеме беруден бас тартып, ресми сауал жіберуді өтінді. 

"7-20-25" бағдарламасы: 52 миллион теңгеге 63 кредит мақұлданды

Жаңалықтар
0