06:21 20 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD367.30
  • EUR419.68
  • RUB5.58
Жақып Асанов

Асанов сотталған құдағи мен мал бағу құқығынан айырылған бақташы туралы айтты

© Foto: Официальный сайт ВС РК
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
167610

Жақып Асанов сот жүйесіндегі заң бұзушылықтарды мысалға келтірді

АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов кейбір судьялардың ақылға қонымсыз үкімдерін мысалға келтіріп, жұмысын сынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Асанов республика судьяларының кеңейтілген кеңесінде заңсыздыққа жол берген судьялардың түсін түстеп, атын атады.

Асанов: судьяның өзі түсінбейтін сот актісін қарапайым адам қалай түсінсін?!

"Жамбыл аудандық сотының судьясы Үстелбаев не істегенін білесіздер ме? Ол бір бақташыға өмір бөтен біреудің малын бағуға тыйым салған. Ал Маңғыстау облысында сот героин сатқаны үшін адамды 10 жылға соттады. Есірткіні заңсыз сақтау. Апелляция үкімді күшінде қалдырды. Қорғаушының шағымы бойынша біз бұл істі зерделедік. Бірнеше заң бұзушылықты анықтадық. Онда мына бір тұсы қызық: тінту жүргізген кезде, сөмкеде ештеңе болмаған, сөмке де бүтін. Кейін біраз уақыттан кейін әлгі адамды полицияға әкеледі. Полицейлер сөмкені ашса, біріншіден, сөмкеге зиян келген, ал екіншіден одан есірткі табады. Әлгі адамды 10 жылға соттады. Біз оны ақтағанша, екі жылдай түрмеде отырып қалды", — деді Асанов. 

Сонымен қатар, ол Қызылорда облысында соттасқан құда-құдағилардың оқиғасын айтып берді.  

"Қызылордада екі жас ажырасып, құдалардың арасында араздық пайда болады. Сөйтіп бір-бірімен айтыса бастаған. Біреуі "мен сені құртамын" дейді. Барын салып, таныстары мен органдарды тартып, бұрынғы құдағиын, әйтеуір, бес жылға соттатады. Қалалық сот та, облыстық сот та көз жұмып қараған. Жуырда бұл іс Жоғарғы сотта қаралып, біз ол кісіні ақтадық. Бірақ сол істі қараған тергеушінің өзі сотталып кетті. Өйткені жалған жауаптар жазған. Одан кім ұтты? Жастар ажырасты, құдалар бір-бірін көрместей болды, сотқа берген тарап абыройдан айырылды, ұятқа қалды", — деді ол.

"қит етсе, сотқа жүгіретін" адамдардың қылығын әдепсіздік деп атады.

Жақып Асанов
© Foto : Генеральная прокуратура Казахстана

 "Қит етсе, сотқа беремін, құртамын, жоямын" дейтін жағымсыз әдет әлі де бар. Ол қара басын ойлаған, мәдениеті төмен адамдарға тән қылық. Нағыз жөнсіздік, әдепсіздік, көргенсіздік деп айтуыма да болады. Одан жастарға қандай үлгі, қандай өнеге?, — деп ашынды ол. 

төрағасы сорақы фактілер орын алатын материалдарға ай сайын талдау жасалатынын атап өтті.

"Осындай шешімдерді қайта қарайтын әріптестеріме айтарым: мұндай материалдарды қылмыстық қудалау органдарына беру мүмкіндігін де қарастырыңыздар. Біз мұндай істерді тапсыратын боламыз", — деп түйіндеді ол.

Сүлеймен: әрбір аудан-ауылдарда халық сайлаған билер болуы керек

Тақырып бойынша

Асанов судьяларға: мақтау қағазын алу үшін істеп жүрсіздер ме?
Асанов: сотқа жүгінудегі мақсатымыз әділдік емес, оппоненттің абыройын айрандай төгу
Асанов: сотқа көңілі толмаған жұрт бүкіл мемлекеттік билікке өкпелейді
Жақып Асанов Жоғарғы сот төрағасы болды
"Асанов, бері шық!": үлескерлер Бас прокуратура алдына пикетке шықты
Кілт сөздер:
соттасу, сот жүйесі, судьялар
Загрузка...

Басты тақырыптар