10:03 20 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.51
  • EUR418.91
  • RUB6.13
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1054 0 0

Психологтың айтуынша, "педофилия" дертіне бай немесе кедей, кәрі немесе жас, білімді немесе білімсіз шалдығуы мүмкін

АСТАНА, 14 шілде – Sputnik, Нұргүл Абай. Белгілі психиоаналитикалық бағыттағы психолог Күләнда Түлендиева педофилдің психологиялық портретін жасады, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Педофилді басқалардан қалай ажыратуға болады?

Психологтың айтуынша, педофилдердің дені әдетте өз құрбанын жақсы таниды. Көбінесе 14 жасқа дейінгі бүлдіршіндермен араласқанды жөн көреді. 

"Педофил үйленген, ажырасқан немесе жалғызбасты болуы мүмкін. Әлеуметтік деңгейде балаға тым ерекше қамқорлық танытады, өзінің махаббатын, бауыр басқанын көрсетеді. Ал бірақ жасырын психологиялық деңгейде ол ешқашан балаға жақсылық ойламайды, тек өзінің пайдасын көздейді", — дейді Түлендиева. 

Оның айтуынша, "сәбиқұмарлар" көп жағдайда өзін бала сияқты ұстайды. Гетеросексуал болса да, өзімен қатарлас немесе үлкен әйелдерге қызықпайды, есесіне кішкентайлармен оңай тіл табысады. Баланы қатты еркелетіп, ата-анасы тыйым салған дүниелерді рұқсат етеді. Мәселен, компьютер ойындарын ойнауға, зиянды тәттілерді жеуге, темекі тартуға  және тағы басқа дүниелерді жасауға рұқсат береді.

Педофилдің портреті

"Педофил орта бойлы, солақай болуы мүмкін. Көп жағдайда ішімдікке тәуелді болады. Мұндай ауытқушылық бай немесе кедей, кәрі немесе жас, білімді немесе білімсізден де байқалуы мүмкін. Көп жағдайда педофил – 30 жастан асқан ер адам. Қатарластарының арасында досы аз – бір-екеу ғана. Егер үйленген болса, әйелімен тек дос ретінде араласады, жақын қарым-қатынасқа бармайды. Жұмыс істейтіндердің жалақысы аз, біліктілігі төмен немесе мүлде жұмысы жоқ. Бұл оның бұрын істі болғанын білдіруі мүмкін, сондықтан жұмыс берушілер онымен байланысқысы келмейді", — деп сипаттады Түлендиева. 

Тағы оқыңыз: Әкесі кішкентай қызына тиіскен ер адамның жыныс мүшесін пышақтап тастады

Психологтың сөзіне сенсек, педофилдер "балалар" ойынын қатты жақсы көреді. Кішкентайларды сипаттаған кезде "пәк", "періште" секілді сөздерді жиі қолданады. Педофилдің хоббиі баланың қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Ол қымбат ойыншықтардың коллекциясы, экзотикалық жануарлар, ұшақ, автокөлік модельдерін жинауы  мүмкін.  

Түлендиева педофилдер жұмыс таңдаған кезде, балалармен көп уақыт өткізуге мүмкіндік беретін қызметті іздейтінін атап өтті. 

"Егер жұмыс табуда сәтсіздікке ұрынса, балалар лагеріне, үйірмелер мен секцияларға ерікті ретінде жазылады", — дейді ол. 

Педофилдерді емдеуге бола ма?

Педофилия – ерте жастан байқалатын ауытқушылық. Мұндай ауытқушылығы барлар ерте жастан өзінен кіші бүлдіршіндерге тиісе бастайды. Мамандардың көбі педофилияның бала кез бен жасөспірім шағында байқалатынын жазады екен. 

Психолог педофилия дертінен арылуға болатынын айтты. Ол үшін әлгі адамның емделуге деген ынтасы мен шыдамдылығы қажет болуы керек дейді ол. 

"Педофил өзінің ауытқушылығы бар екенін түсініп, ұзақ әрі күрделі терапияға дайын болуы керек. Пациенттің ерік-жігері мен төзімділігінің болуы маңызды", — дейді Түлендиева. 

Балаларды педофилдерден қалай қорғауға болады?

Психолог кішкентай бүлдіршіндері бар ата-аналарға бірнеше кеңес берді. 

  • Балаңызды үнемі бақылап отырыңыз: эмоционалды, психологиялық және физикалық жағдайына қарап. 
  • Неге қызығатынын, хоббиін, әлеуметтік желілерде кіммен араласатынын біліп жүргеніңіз абзал.
  • Балаға үлкендерге "жоқ" деп айтуды үйретіңіз, әсіресе олар оны бір жерге шақырғанда. 
  • Ең маңызды кеңес – бұл тақырыпта балалармен әңгілемесуден қорықпаңыздар. 
  • Балаңызға "қандай да бір болған оқиғаны сізге айтып келсе, ұрыспауға" уәде беріңіз. Есте сақтаңыз: бұл жағдайда ол құрбан, қылмыскер емес. 
  • Балаңызға әлеуметтік желідегі алаяқтар туралы айтып отырыңыз. Алаяқтарды баланың суреті, құжат, банк картасының мәліметтері, телефон нөмірлері мен тұрғылықты мекенжай қызықтыруы мүмкін. Сондықтан егер кімде-кім баладан сурет немесе компьютердің паролін, пинкод, банк картасының мәліметерін сұраса, бірден үлкендерге айтуын ескертіңіз.

Ауыл тұрғыны базарда он жасар қызды зорлады

Шығыс Қазақстанда ауылдағы мектептің оқушысы төрт жасар баланы зорлаған

Тақырып бойынша

Екібастұздағы лифтіде педофил қаршадай қызды зорламақ болды
Ақтауда педофил алғаш рет химиялық жолмен піштіріледі
Павлодарда тағы бір педофил сотталды
Бурабайда қаскөйлер екі күн бойы жалдамалы пәтерде қыз зорлаған
Шымкентте 16 жастағы жасөспірім өзіне көмектескен баланы зорлаған
ШҚО-да 12 жасар қызды екі еркек жабылып зорлаған
Оңтүстік Кореяда қыз зорлаған шымкенттіктің ісіне қатысты СІМ түсініктеме берді
Кілт сөздер:
психология, педофил, балалар, зорлау
Загрузка...

Басты тақырып