05:12 26 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Қалыңдық

Қазақ әншісінің тақырбас қалыңдығы желіні шулатты (видео)

CC0 / Elkimmelito
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
614514

Той кезінде түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде тарап кеткен

АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Қазнетте әнші MAKVIN-нің (Нұрболат Базарбаев) үйлену тойынан жарияланған видео біраз шу туғызды. Оған себеп – музыкант қалыңдығының ерекше шаш үлгісі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Публикация от MAKVIN (@makvinmn) 14 Июл 2018 в 7:27 PDT

Публикация от MAKVIN (@makvinmn) 13 Июл 2018 в 10:53 PDT

Тақырбас қалыңдық желі қолданушыларының көбін "таңғалдырғаны" рас. Той видеосын көрген қазақстандықтардың пікірі екіге жарылды. Бірі қалыңдықты даттаса, енді бірі мақтап жатыр.

"Дəстүрді өзіміздің қазақ жігіттері немесе қазақ қыздары түсініп, қастерлемесе, қазақтың болашағы дүбəрə болады! Келін болып түсіп жатқан қыздың істеген ісіне "мұның дұрыс емес" дейтін көзі ашық, санасы ояу адам болмағаны ғой!", — деп ашынып жазған қолданушылардың бірі. 

Ал енді бірі "Сондай керемет, жарайсың!" деп мақтаған.

"Бас аман болса, шаш шығады ғой! Өзіне жарасып тұр, өмір бір рет ғана беріледі. Өзіне ұнаса болды. Ең бастысы бақытты болсын!, — дейді тағы бірі.

Үйлену тойы үстінде қалыңдық өртеніп кете жаздады

Дариға Назарбаеваның қызының үйлену тойы қалай өтті

Кілт сөздер:
тақырбас, видео, тақырбас келін, қалыңдық, үйлену тойы, әнші
Загрузка...

Басты тақырып