Қоғам

Нұрсұлтан Назарбаев Олжас Сүлейменовке көңіл айтты

© Photo : АқордаНұрсұлтан Назарбаев Олжас Сүлейменовпен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Олжас Сүлейменовпен кездесті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент белгілі ақын, жазушыны Ақордада қабылдады

АСТАНА, 16 шілде — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Олжас Сүлейменовпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқарады

Мемлекет басшысы белгілі ақын, жазушы, "Қазақстанның Еңбек Ері" атағының иегері Олжас Сүлейменовті қабылдады.  

Кездесу барысында қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері мен оның қоғамды рухани жаңғыртудағы рөлі талқыланды.

Сондай-ақ, ақын шығармашылығындағы алдағы жоспарларымен бөлісті.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Олжас Сүлейменовке немересі Ескендірдің қазасына орай көңіл айтты.

Еске сала кетсек, Олжас Сүлейменовтің немересі 26 жастағы Ескендір Сүлейменов Астанада жол апатынан көз жұмған еді. Жол апаты Мәңгілік ел — Керей Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында болған. Жас жігіт мотоцикл жүргізіп келе жатқан.

25 маусым күні жазушының немересін Алматыда ақтық сапарға шығарып салды.

Марқұмның құрбысы Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұқбатында Ескендірді қаққан қыз "қарапайым емес" екенін айтқан болатын. Жас жігіттің туыстары әділ үкімге қол жеткізуді көздеп отыр.

Марқұм Ескендір Сүлейменовтің өмірі жайлы жақын құрбысы әңгімеледі

Олжас Сүлейменовтің немересін кімнің қызы қаққаны анықталды

Жаңалықтар
0