21:26 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Фильм - рекадр

Кино көрудің үкімі қандай?

Александр Кряжев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
194 0 0

Кино көру күнә болмас үшін бірнеше талапты ескерген жөн

АСТАНА, 17 шілде — Sputnik. Жалпы кино көрудің күнәсі жоқ. Мейлі ол жергілікті кинолар болсын, мейлі шетелдік болсын, пайдалы киноларды көрудің зияны жоқ. 

Тек, мына талаптар ескерілуі тиіс:

Бірінші, фильм көру намаз, ораза сияқты құлшылықтарды ойдағыдай орындауға кедергісін келтірмеуі тиіс. Егер, намазды қаза етуге алып келсе, немесе мәкруһ уақытқа шейін кешіктіру сияқты немқұрайлылық тудырып жатса, фильм көру күнә болмақ. 

Екінші, отбасылық міндеттемелерді атқаруға кедергі жасамауы тиіс. Жұмысына немесе оқуына зияны тимеуі ләзім.  

Үшінші, фильмде түрлі харам және анайы-арсыз сахналарға орын берілмеген болуы ләзім.

Төртінші, фильмде дінімізді жамандайтын, әдепсіздікке баулып, иманымызға кері әсерін тигізетін тақырыптар қозғалмаған болуы керек.  

Бесінші, бүкіл уақытын кино көруге жұмсау — мәкрүһ. Одан гөрі, кітап оқу, нәпіл намаздар оқу, Құран аятын жаттау, спорт жаттығуларын орындап дене шынықтыру, таңдаған саласында ілгерілеу деген сияқты өз-өзін рухани әрі интеллектуалды тұрғыда дамытуға көбірек ден қойғаны абзал, деп жазады islam.kz.

Зина жасаған еркек пен әйел қалай жазаланады?

Тақырып бойынша

Исламда қандай сөздерді қалжыңдап болса да айтуға болмайды?
Ислам дінінде қыздың теңі болу үшін жігіт қандай қасиеттерге ие болу керек?
Дінтанушы талақ айту туралы: көп әйел алуға қызыққандар дін талаптарын аяқасты етуде
Дін министрлігі: ұлттық пантеонда әртүрлі діннің өкілдері бөлек жерленеді
Қазақстандықтардың қанша пайызы дін саласындағы саясатты қолдайды?
Кілт сөздер:
күнә, дін, фильм
Загрузка...

Басты тақырып