Қоғам

Денис Тен әлеуметтік желіде соңғы рет не жариялады?

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуДенис Тен
Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы суретінде қазақстандық спортшы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Тен танымал блогерлермен бір дастархан басында отыр

АСТАНА, 19 шілде — Sputnik. Белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы бүгін ауруханада пышақ жарақатынан көз жұмды. Ол бір күн бұрын Instagram желісінде соңғы суретімен бөліскен.

Суретте Қазақстанның спорт жұлдызы танымал блогерлермен бір дастархан басында отыр.

"Қыздармен бірге BurritoGO-ға бардым", — делінген Теннің соңғы жазбасында.

Сонымен бірге спортшы Instagram желісінде таяуда өткен кездесуінің видеосын да жариялаған екен.

"Бақұл бол, чемпион!"

Денис Теннің қазасы мәлім болғаннан кейін оның әлеуметтік желідегі оқырмандар саны 100 мыңнан 112 мыңға дейін артқан. Желі қолданушылары марқұмның қазасына орай көңіл айтып, жазбалар қалдыруда.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен бейсенбі 19 шілдеде Алматы қаласындағы облыстық клиникалық ауруханада пышақ жарақатынан көз жұмды. Бастапқы мәлімет бойынша, жас жігітке қала орталығында белгісіз біреулер шабуыл жасаған.

Денис Тен ауруханада қайтыс болды

Денис Тенге шабуыл жасаған кім?

Жаңалықтар
0