Қоғам

Денис Тенді жерлеу рәсімін билік ұйымдастырады

© Sputnik / Сергей КимДенис Тен, архив сурет
Денис Тен, архив сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұма күні мәнерлеп сырғанаушының жерлеу рәсімі қашан және қайда өтетіні белгілі болады

АСТАНА, 19 шілде — Sputnik. Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі Алматы әкімдігімен бірге Денис Теннің жерлеу рәсімін ұйымдастырады.

Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Денис Тен ауруханада көз жұмды

"Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы Алматы әкімідігімен бірге Денистің ата-анасына көңіл айтуға барады. Жерлеу рәсімін ұйымдастыруды министрлік пен әкімдік мойнына алады", – деп хабарлады Қазақстан мәдениет және спорт министрлігі спорт комитетінің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, ертең атақты спортшының жерлеу рәсімі қашан және қайда өтетіні белгілі болады. Болжам бойынша, сенбі 21 шілде күні өтуі тиіс.

Бейсенбі 19 шілдеде танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Алматы ауруханасында пышақ жарақатынан көз жұмды.

Денис Тенді кім пышақтады?

Денис Тенге шабуыл жасалған жер — фото

Жаңалықтар
0