13:20 17 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD383.01
  • EUR430.12
  • RUB6.10
Денис Тен

"Соңғы әңгімемізді ешқашан ұмытпаймын" Димаш Құдайберген Теннің отбасына көңіл айтты

© AP Photo / Ng Han Guan
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Димаштың жұлдызды жолы (118)
318410

Қазақстандық спортшы бүгін пышақ жарақатынан ауруханада көз жұмды

АСТАНА, 19 шілде — Sputnik. Димаш Құдайберген қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Осы посты жазамын деп ешқашан ойламаппын..Бұған сене алмай отырмын. Денис, менің бауырым, досым. Сенің орның әрдайым ойсырап тұрады…Достығың үшін рахмет, Джеки! Сен ұлы адамсың, ұлы!!! Сен аңыз болып қалдың! Өмірден ерте өткенің қандай өкінішті… Мен үнемі сені мақтан тұтатын боламын, сағынатын боламын! Сен бар ғұмырын елінің беделін көтеруге арнаған батырсың! Барлығы үшін рахмет! Бұған сенгім келмейді… сене алмаймын…Біздің соңғы әңгімемізді ешқашан ұмытпаймын. Жатқан жерің жайлы болсын…!Туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Қаскөйлер жазасыз қалмайды…", — деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бүгін күндіз Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге шабуыл жасалды. Автокөлігінің айнасын ұрламақ болған қаскөйлерді тоқтатпақ болған спортшы пышақ жарақатын алған еді. Спортшы ауруханаға өте ауыр хәлде жеткізілді. Бірнеше сағаттан кейін Денис Тен ауруханада көз жұмды. 

"Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Спортшыға шабуыл жасаған екі адамды полиция іздеп жатыр.

Денис Тенді өлтіріп кеткен жерден фото

Денис Теннің әлеуметтік желідегі соңғы жазбасы

Тақырып:
Димаштың жұлдызды жолы (118)

Тақырып бойынша

Денис Тен ауруханада көз жұмды
Дәрігерлер Денис Тенді неге аман алып қала алмады?
Денис Тенді жерлеу рәсімін билік ұйымдастырады
Денис Тенді кім пышақтағаны белгілі болды
Алматыда Денис Тенді пышақтап кетті, ол ауыр хәлде жатыр
Кілт сөздер:
мәнерлеп сырғанаушы, спортшы, шабуыл, Димаш Құдайберген, Денис Тен, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып