03:18 13 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.63
  • EUR427.98
  • RUB6.08
реанимация көлігі

Денис Тен ажал аузынан қалуы мүмкін бе еді?

© Sputnik / Максим Богодвид
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Денис Теннің қазасы (101)
140010

Денис Тен ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізіліп, көп қан жоғалтуы салдарынан жан тапсырған

АСТАНА, 20 шілде — Sputnik. Қанды тоқтату үшін дер кезінде бұрау салғанда, қазақстандық спортшы Денис Тен өлім аузынан қалуы мүмкін еді, деп мәлімдеді денсаулық сақтау вице-министрі Ләзат Ақтаева.

Ақтаеваның айтуынша, жедел жәрдем оқиға орнына жеткенде, бір де бір жарым метр жерге қанның жайылып жатқанын көрген. Шамамен үш литрдей қан жоғалтқаны көрініп тұрған.

"Негізгі қан тамыры тораптарына зақым келген кезде, оның ішінде жамбастағы күретамыр зақымдалса, науқас екі-үш минут ішінде орны толмастай қан жоғалтады. Бұл ірі торапты қан тамыры, сол себепті көп қан жоғалтқан", — деді Ақтаева тілшілерге.

Денис Теннің жарақаты ауыр болғандықтан, өміріне араша түсу мүмкін болмады, дейді вице-министр.

"Біріншіден, қанды тоқтату керек болды. Жарақат алған бойда бұрау салғанда, қанды аз жоғалтатын еді. Неғұрлым тезірек салса, өмірін сақтап қалуға соғұрлым мүмкіндік көбірек болатын еді", — дейді ол.

Денис Тенге қойылған диагноз бойынша, оң жақ жамбасынан көптеген пышақ жарақатын алған, бетінде, қолдарында, екі тізесінде көптеген жара болған.

 

Тақырып:
Денис Теннің қазасы (101)

Тақырып бойынша

Геннадий Головкин Денис Тен туралы: "Мәңгі жадымызда қаласың"
Денис Тен әлеуметтік желіде соңғы рет не жариялады?
Денис Тен ауруханада көз жұмды
Денис Тенге шабуыл жасалған жерден видео жарияланды
Денис Тенге шабуыл жасалған жерден фото жарияланды
Денис Тенді соңғы сапарға шығарып салу уақыты мен орны белгілі болды
Дәрігерлер Денис Тенді неге аман алып қала алмады?
Денис Тенді жерлеу рәсімін билік ұйымдастырады
Денис Тенді кім пышақтағаны белгілі болды
Алматыда Денис Тенді пышақтап кетті, ол ауыр хәлде жатыр
Кілт сөздер:
мәнерлеп сырғанаушы, спортшы, Денис Тен, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып