01:54 23 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD385.01
  • EUR425.78
  • RUB6.05
Әке мен бала

Қазақстанда баласы бар қызметкерлерге жұмысқа кеш келуге рұқсат етіледі

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
420720

Баласы бар мемлекеттік қызметкерлер үшін жұмыс таңғы 09:30-да басталады

АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев икемді жұмыс кестесі кімдер үшін енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттік қазір икемді жұмыс кестесін сынақтап өткізіп жатыр.

"Күн сайын балабақша мен мектепке баласын апаратын қызметкерлер үшін жұмыс уақыты таңғы 9.30-да басталады. Сондай-ақ қызметкерлердің үштен екісі түскі үзіліс уақытын ұзарту қажеттігін айтты. Олар үшін жұмыс уақыты жарты сағатқа кеш аяқталады. Яғни сағат 19.00-де", — деді Шпекбаев бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы туралы кеңейтілген алқа отырысында.

Қазақстандықтардың жалақысы қаншаға өседі?

Айтуынша, егер жоба сәтті жүзеге асып, оң нәтиже берсе, онда жаңа жұмыс кестесі басқа да мемлекеттік органдарда енгізіледі.

Тақырып бойынша

Шенеуніктерге смартфон пайдалануға қашан рұқсат етіледі?
Мемлекеттік мекемелер өз қызметшілеріне баспана алуға пайызсыз қарыз береді
Цифрландырудың салдары: 600 ірі кәсіпорын қызметкерлер санын қысқартады
Мемлекеттік қызметкерлер латын әліпбиінде жаза бастайды
Кілт сөздер:
балабақша, мектеп, ата-ана, бала, жұмыс кестесі, қызметкерлер, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Алик Шпекбаев
Загрузка...

Басты тақырып