08:23 18 Ақпан 2019
Тікелей эфир
  • USD377.62
  • EUR426.03
  • RUB5.67
Тіс пастасы

Ғалымдар тіс пастасының қаупін айтты

© CC0 / Bruno Glätsch
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2779 0 0

Тіс пастасының құрамында кездесетін химялық зат қант диабетіне шалдықтыруы мүмкін

АСТАНА, 21 шілде — Sputnik. АҚШ-тың Техас университеті ғалымдары тіс пастасында және косметикада кездесетін E171 титан дикосиді қант диабетінің екінші типін тудыруы мүмкін екенін анықтады. Олардың зерттеуі Chemical Research in Toxicology журналында жарияланды, деп хабарлайды РИА Новости.

Ғалымдар атап өткендей, химиялық зат әртүрлі нәрселерге аппақ түс беретін қасиетіне байланысты тамақ өндірісі мен косметологияда жиі қолданылады. Осы уақытқа дейін адам ағзасына зиянсыз болып саналған.

E171 қасиеті жайында XX ғасырдың ортасында белгілі болды, сол кезде ол қорғасынның негізінде жасалған қауіпті бояғыштарды бірден алмастырды, ал 1970-ші жылдары жаппай қолданысқа енді. Сол уақыттан бастап, ғалымдардың айтуынша, қант диабетінің екінші типіне шалдыққандар саны төрт есе артқан. Сөйтіп, бұл химиялық заттың диабетке қатысы бар деген пайымдау айтылды.

Көп жұмыс істейтін әйелдер қандай дертке шалдығуы мүмкін?

бұл болжамдарын дәлелдеу мақсатында, 11 еріктіден ұйқы безінің ұлпаларынан сынама алады. Нәтижесінде сегіз адамның талдауынан титан диоксиді табылыпты, олардың бәрі қант диабетінің екінші типімен ауырады екен, қалған үшеуі сап-сау болып шықты, олардың талдауынан химиялық зат табылмады.

Осылайша, зерттеушілер титан диоксиді екінші типті қант диабетін қоздырушы заттардың бірі болуы мүмкін деген қорытынды жасады. Енді ғалымдар адамдардың ірі тобында дәл осындай зерттеу жүргізгісі келеді.

Екінші типті қант диабеті — ұлпалардың инсулинге сезімталдығының төмендеуі салдарынан пайда болатын ауру түрі. Қазір әлемде 422 миллионнан астам адам диабетке шалдыққан, олардың 90 пайызында екінші типті қант диабеті.

Балаларға беруге болмайтын зиян тағамдар

Тақырып бойынша

Ғалымдар 5 мың жыл бұрын адамның не жегенін анықтады
Ғалымдар ракқа қарсы ботқа мен печенье ойлап тапты
Ғалымдар жүргізушілердің рөлде неге ұйықтап қалатынын анықтады
Ғалымдар қандай адамдар ұзақ өмір сүретінін айтты
Ғалымдар ерте өлу тәуекелін төмендетудің амалын тапты
Ғалымдар жымиюдың тағы бір пайдасын анықтады
Кілт сөздер:
дерт, науқас, қант диабеті, химиялық зат, қауіп-қатер, тіс пастасы, ғалымдар
Загрузка...

Басты тақырыптар