Қоғам

"Кешір, Денис!" Астана жұртшылығы спортшымен қоштасты

© Sputnik / Владислав ВодневАстанада Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті
Астанада Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушымен қоштасу рәсіміне спортшының мыңдаған жанкүйері келді

АСТАНА, 21 шілде — Sputnik. Астанадағы "Барыс Арена" кешенінде белгілі мәнерлеп сырғанаушы қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Қоштасу рәсімі "Барыс Аренада" сағат онда басталды. Спортшымен қоштасу рәсіміне Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, бокшы Данияр Елеусінов, Корея мен Жапония елшілері қатысты. Жаназаға жиналғандар спортшыны бір минут үнсіздікпен еске алды.

© Sputnik / Жания УрункаеваАстанада Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті
Астанада Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті - Sputnik Қазақстан
Астанада Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті

Аманшаев Астана әкімдігі атынан Денис Теннің ата-аналарына, жақындары мен туғандарына көңіл айтты.

Денис Теннің өмірбаяны 

"Денис бауырымның Қазақстан спортында орны да жөні де бөлек. Жас болғанымен қарамастан, халықаралық турнирлердің алғашқы жалғыз жүлдегері болды. Өте талантты спортшы, әлемдік мәнерлеп сырғанаудың жұлдызы болатын. Оның орны әрдайым ойсырап тұрады. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын", — деді әкім орынбасары.

© Sputnik / Владислав ВодневҚоштасу рәсіміне жиналғандар
Қоштасу рәсіміне жиналғандар - Sputnik Қазақстан
1/2
Қоштасу рәсіміне жиналғандар
© Sputnik / Владислав ВодневҚоштасу рәсіміне жиналғандар
Қоштасу рәсіміне жиналғандар - Sputnik Қазақстан
2/2
Қоштасу рәсіміне жиналғандар
1/2
Қоштасу рәсіміне жиналғандар
2/2
Қоштасу рәсіміне жиналғандар

"Осындай қайғылы күнде сөз тауып айту қиын. Ең алдымен, ата-анасына, жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл трагедия бәрімізге сабақ…Кешір және қош бол, Денис", — деді министр Абаев.

Қоштасу рәсіміне келгендер спортшының суреті бейнеленген баннер алдына гүл шоқтарын қойды.

© Sputnik / Жания УрункаеваАстанада Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті
Астанада Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті - Sputnik Қазақстан
Астанада Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті

Еске сала кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапқан болатын. Қайғылы оқиға 19 шілде күні түскі үштер шамасында Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болды. Мейрамханадан шыққан спортшы тұрақта тұрған автокөлігінің айнасын ұрламақ болған қаскөйлердің үстінен түседі. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Денис оларды қуып, тоқтатпақ болғанда, пышақ жарақатын алады.

қолына кісен салынған адам - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Денис Тенді өлтірді деген екінші күдікті ұсталды

Спортшы үш литр қан жоғалтқан, дәрігерлер екі сағат бойы өмірі үшін күрескенмен, ажалдан арашалап қала алмады.

Денис Теннің ажал аузынан қалуы мүмкін бе еді?

Жұма күні таңертең полиция күдіктілердің біреуін, Жамбыл облысының тумасы 24 жастағы Нұралы Қиясовты ұстайды. Кейін оның бұған дейін заңды бұзғаны анықталды. Ол былтыр мас күйінде рөлге отырғаны үшін үш жылға жүргізушы куәлігінен айырылған. Бұдан бөлек, өткен жылы ұрлық жасағаны үшін сотты болған, бірақ іс тараптар мәмілеге келген соң жабылған. Қиясов қылмысын мойындады, одан кейін күдікті спортшы қаза болған жерге жеткізіліп, оқиғаның қалай болғанын көрсетті. 

Екінші күдікті – 23 жастағы Қызылорда облысының тумасы Арман Құдайбергенов жұма күні кешке ұсталды.

Жаңалықтар
0