13:42 13 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.63
  • EUR427.98
  • RUB6.08
Алматыдағы Денис Тенмен қоштасу рәсімі

Алматы халқы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды (фото)

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Денис Теннің қазасы (101)
134901

Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде мыңға жуық тұрғын Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды

АСТАНА, 21 шілде — Sputnik. Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Спортшыны ақтық сапарға шығарып салуға мәдениет және спорт министрі , Алматы қаласы әкімдігі мен Нұр Отан партиясының өкілдері, Ұлттық Олимпиада комитетінің мүшелері, спортшылармен қатар мыңға жуық тұрғын жиналды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы Денис Теннің отбасына көңіл айтуда
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Арыстанбек Мұхамедиұлы Денис Теннің отбасына көңіл айтуда

"Бүгін талантты балаларды тәрбиелеп, өсірген ата-ана өзінің сүйікті ұлын жоғалтып отыр. Ал біз жан–жағындағыларға мейіріммен қарайтын жарқын достан айырылып отырмыз. Талантты спортшы өзінің 25 жасында спорт саласындағы жеңістерімен қатар, ұйымдастырушлық қабілетімен де есімізде қалды. Денис Тен әлемді мейірімділікке толтырып, шуақты еткісі келетін жеке тұлға еді", – деді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Министр өз сөзінде Денис Тенді соңғы сапарға шығарып салуға келгенін де айтып өтті.

Геннадий Головкин Денис Тенді жерлеу рәсіміне қатысты
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Геннадий Головкин Денис Тенді жерлеу рәсіміне қатысты

Сөз соңында Мұхамедиұлы Денис Теннің ата–анасына ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту хатын оқып берді.

Сонымен қатар Халықаралық олимпиада комитетінің директоры Томас Бах пен Ұлттық Олимпиада комитеті жолдаған телергамм Денис Теннің туыстарына табысталды.

"Денис Тен қазақтың кім екенін дүние жүзіне танытты. Сочида өткен қысқы олимпиадада өзім куәгер болып, жанынан табылдым. Бүгін Денисті соңғы сапарға шығарып салуға мыңдаған адам жиналып отыр. Барлығымыз жүрегімізге пышақ салғандай сезімде тұрмыз. Денистің есімі жүрегімізден ешқашан өшпейді. Дениске еліктеп, Қазақстанды танытамын дейтін жасарымыз көп болсын", – деді Жақсылық Үшкемпіров.

Қазақстан спортшыларның атынан Серік Сәпиев Денис Тенің ата–анасы мен бауырына, туған–туыс, жақындарына көңіл айтты.

Денис Тенмен қоштасу рәсімі
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Денис Тенмен қоштасу рәсімі

"Денистей азаматтан айырылғанымызға қабырғамыз қайысып отыр. Теледидардан көргенде қуанып отырушы едік. Сүйкімді әрі сыпайы, көздері күлімдеп тұратын жап–жас жігіт қала орталығында кісі қолынан қайтыс болды. Жүрегі елім деп соққан аяулы ұлымыз әрдайым жүрегімізде", – деді Фатима Зубаирова есімді қала тұрғыны.

  • Алматыдағы Денис Тенмен қоштасу рәсімі
    Алматыдағы Денис Тенмен қоштасу рәсімі
    © Sputnik / Анатолий Устиненко
  • Алматыдағы Денис Тенмен қоштасу рәсімі
    Алматыдағы Денис Тенмен қоштасу рәсімі
    © Sputnik / Анатолий Устиненко
  • Алматыдағы Денис Тенмен қоштасу рәсімі
    Алматыдағы Денис Тенмен қоштасу рәсімі
    © Sputnik / Тимур Батыршин
  • Алматыдағы Денис Тенмен қоштасу рәсімі
    Алматыдағы Денис Тенмен қоштасу рәсімі
    © Sputnik / Анатолий Устиненко
1 / 4
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Алматыдағы Денис Тенмен қоштасу рәсімі

Таңғы 9-да басталған спортшымен қоштасу шарасы 11.30-да аяқталды.

Жиналған мыңға жуық қала тұрғын мен қала қонақтары Денис Теннің орындауындағы She won’t be mine әнімен орындарын тұрып спортшыны ақтық сапарға шығарып салды.

Қайғылы оқиға Алматының орталығында 19 шілдеде болды. Спортшы тұрақта тұрған автокөлігіне келе жатып, көліктің айнасын ұрламақ болған қаскөйлерді көреді. Ұрылардың соңынан қуып, тоқтатпақ болғанда, пышақ жарақатын алған.

Көп қан жоғалтқан спортшы ауруханаға түскеннен кейін екі сағаттан соң көз жұмды.

Тақырып:
Денис Теннің қазасы (101)

Тақырып бойынша

Денис Тен ажал аузынан қалуы мүмкін бе еді?
Геннадий Головкин Денис Тен туралы: "Мәңгі жадымызда қаласың"
Денис Тен әлеуметтік желіде соңғы рет не жариялады?
"Кешір, Денис!" Астана жұртшылығы спортшымен қоштасты
Денис Теннің өлімі: Күдікті сотта не айтты?
Денис Тенді өлтірді деген екінші күдікті ұсталды
Кілт сөздер:
қоштасу рәсімі, жерлеу, көңіл айту, қайғылы оқиға, Жақсылық Үшкемпіров, Денис Тен, Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып