Қоғам

Денис Тен қаза тапқан күні күдікті Астанада сотқа келуі тиіс болған

© Photo : МВД РКАрман Құдайбергенов
Арман Құдайбергенов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана полициясы Тенді пышақтаған қаскөйдің 19 шілде күні сот алдына келуі тиіс болған деген ақпаратты тексеріп жатыр

АСТАНА, 21 шілде — Sputnik. Бүгін БАҚ бетінде Денис Тен қаза тапқан күні оның өліміне күдікті Арман Құдайбергенов көлік айнасын ұрлау ісі бойынша Астанада сот алдына келуі тиіс болған деген ақпарат тарады. Елордалық ішкі істер департаменті осыған қатысты түсініктеме берді. 

"Біз бұл ақпаратпен жұмыс істеп жатырмыз", — деді Sputnik тілшісіне елордалық ІІД-ден. 

Сочи олимпиадасының қола жүлдегерін ақтық сапарға шығарып салу күні "Время" басылымында сенсациялық ақпарат жарияланды.

қолына кісен салынған адам - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Денис Тенді өлтірді деген екінші күдікті ұсталды

Редакцияға Астана тұрғыны жүгініп, шабуыл жасағандардың бірі Арман Құдайбергеновті танитынын айтқан. Ер адамның айтуынша, 11 шілде күні Құдайбергенов Астанада оның көлігінің айнасын ұрламақшы болып, қылмыс үстінде ұсталған. Сөйтіп Алматы ауданының ішкі істер бөліміне жеткізілген. Тыңдау елорданың Алматы аудандық сотында өтуі тиіс болған. Белгілі болғандай, ұрлықшы ешқайда шықпау туралы қолхатпен қамаудан босатылған. Алайда Алматыға кетіп, көлік тонаумен айналысқан.

Денис Теннің өлімі: Бекболат Тілеухан құзырлы органдарға жүгінді

Бұған дейін полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, Арман Құдайбергенов сотты болған. 2013 жылдың тамызында тонау ісі бойынша кінәлі деп танылып, бас бостандығы шектеліп, сот залынан босатылған.

Денис Тенді өлтірді деген күдікті сотта не деді?

2013 жылдың желтоқсанында Құдайбергенов көшедегі адамға қарақшылық шабуыл жасап, ұялы телефонын алып қойған.

Жаңалықтар
0