04:40 20 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.93
  • EUR423.00
  • RUB5.87
Қалмұханбет Қасымов

Халық министрдің отставкаға кетуін талап етуде: Қасымов неге сеніп отыр?

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Денис Теннің қазасы (100)
186100

Қалмұханбет Қасымов 2011 жылдың сәуірінен бастап ҚР ішкі істер министрі қызметін атқарып келеді

АЛМАТЫ, 23 шілде — Sputnik, Айгерім Таубай. Бүгін Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралған жиынның қорытындысы бойынша ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пен  Алматы қалалық ішкі істер департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың отставкаға кетуі талап етілді, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

"Қызметке сәйкестігі туралы мәселені қарау керек. Қала тұрғындары Алматы қаласы ІІД басшылығы мен ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты отставкаға жіберу мәселесін көтеріп отыр", — деді отырыста Алматы қаласының қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов. 

Бұл ұсынысқа бақылау органының басқа өкілдері де қолдау білдірді. 

"2016 жылы 18 шілдеде Күлекбаев (Алматыдағы теракт үшін сотталған — Sputnik) бүкіл қаланы тік тұрғызса, екі жылдан кейін 2018 жылы 19 шілдеде қылмыскерлер бүкіл елді жылатты. Біз қандай қорытынды шығардық? Біз халықтан алшақтап кеттік… Жаңа келетін адам жұмысты дұрыс жолға қояды деген үміттеміз", — деді өз кезегінде қоғамдық кеңестің заңдылықты сақтау және құқықтық тәртіп комитетінің төрағасы Кәкімжан Бишманов. 

Оның айтуынша, бұл салада жақсы мамандар мен жетекшілер  бар. 

"Қоғамдық комиссия құрсын, сосын біз кімді тағайындау қажет екенін шешеміз", — деді ол. 

Айта кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің мезгілсіз қазасынан кейін қоғамда министр Қасымовтың отставкаға кетуін талап еткендер көбейді.

Сонымен, биыл Қалмұханбет Қасымовтың Ішкі істер министрлігіндегі жылы орнын суытпай отырғанына – жетінші жыл. Қазақстан тәуелсіздік алған 27 жылдың ішінде ішкі істер министрі 8 рет ауысты. Осы ауыс-түйіс арасында ең көп қызметте болған – Қайырбек Сүлейменов (1995-2003 жж), одан кейін бүгінде елдің ішкі қауіпсіздігін күзетіп жүрген де –Қасымов. 

Тәуелсіз Қазақстанның ішкі істер министрі болып Қалмұханбет Қасымов 2011 жылы Елбасының жарлығымен 11 сәуірде тағайындалған. 2015 жылы Қасымовқа полиция генерал-полковнигі атағы берілді. 

ҚАСЫМОВ КІМ?

Қалмұханбет Қасымов – Алматыдағы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі ҚазҰУ) заң факультетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Бүгінде 61 жаста. Үш бала, жеті немере тәрбиелеп отыр. 

Қасымов еңбек жолын тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы болып бастаған. 

1992 жылы Алматы облыстық Ішкі істер басқармасы Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облыстық Ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

1997 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция департаментінің бастығы болған. Бұл қызметте екі ай отырған Қасымов сол жылы Алматы қалалық Ішкі істер басқармасының бастығы қызметіне кіріскен.

Тағы оқыңыз: Министр Қасымовты тұрғындар әбден састырды

2003 жылдан бастап  Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің Ішкі істер бас басқармасының  бастығы;

2005 жылдан бастап ҚР Ішкі істер министрлігінің бірінші вице-министрі, вице-министрі;

2009 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы;

2011 жылғы сәуірден бастап  Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі.

ҰЗАҚ ОТЫРҒАН ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ

1991 жылы желтоқсанда тәуелсіздігін жариялаған Қазақстанның алғашқы ішкі істер министрі Михаил Берсенев болды. Екі  жылдан кейін бұл қызметке Владимир Шумов келді. Тағы екі жылдан кейін Болат Байекенов елдегі қауіпсіздікті бақылады. Бір жыл қызметінен кейін орнына Қайырбек Сүлейменов отырды. Сүлейменов 8 жыл Қазақстанның ішкі істер министрі болды. 

Одан кейін екі жыл ішкі істер министрі қызметін Зауытбек Тұрысбеков атқарды. 2005-09 жылдары ішкі істер министрлігіне Бауыржан Мұхамеджанов келді. 2009 жылы бұл қызметке Серік Баймағамбетов  тағайындалды. Ал 2011 жылдан бері Қалмұханбет Қасымов ҚР ішкі істер министрі қызметін атқарып келеді. 

ҚАСЫМОВ НЕСІМЕН ЕЛ ЕСІНДЕ

2011 жылы Қасымов қызметіне кірісті. Осы жылы Жаңаөзен оқиғасы болды. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында ереуілге шыққан жұмысшылар мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қақтығыс болды. 

2016 жылы Қазақстан бойынша жер митингілері өтті. Алматыда өткен митингте алаң маңында жүрген тұрғындар да, өз қызметімен айналысып жүрген журналистер де ұсталған еді. 

Қасымовтың қазақ тіліне деген "құрметі" бөлек әңгіме. Ол қазақ тіліне бей-жай, жүрдім-бардым қарайтын қолында билігі бар шенділердің тізімінде. 

Тағы оқыңыз: Шенеунік пен депутаттың елді шулатқан сөздері қандай?

Ал өткен аптада Алматы қаласының қақ ортасында тапа тал түсте ұрылар қолынан пышақталып қаза тапқан спортшы Денис Теннің өлімі халықтың құқық қорғаушыларға деген сеніміне тағы селкеу түсірді. 

Желіде журналистің сауалына Қасымовтың "қылмыстарға мен жауап бермеймін" деген "жұлдызды сөзімен" видео тарап жүр. Бұл да сөзімізді нақтылай түскендей. 

ҚАСЫМОВ ЖАЙЛЫ ҚАУЫМ НЕ ДЕЙДІ?

"Қасымов жұмыстан қуылғанын қолдаймын-ау. Тек оның орнына Сасымов келіп түк өзгермесе ше? Оң саясаттың, Халықшыл биліктің, айналып келгенде Қоғам жеңісінің ауылы осылайша жақын болғанын мен де қалаймын. Бірақ шынайы өміріміз басқаша. Жағдай оңға басу үшін жүйе өзгеру керек. Ал ол үшін міндетті бірлік пен ұйымшылдықтың көлеңкесі де білінбейді. Ең болмаса жаңа Ішкі істер министрі (ескісі кетсе) және басқа министр-әкімдер тағайындалғанда оларды неге бір ғана адам ешкіммен ақылдаспай шешу керек? Неге Қоғам емес? Неліктен Конституцияға сәйкес "Жалғыз билік көзі" болып табылатын, біз, Халықпен шенділер ешқашан санаспайды? Қалайша төзе береміз айналадағы сұмдыққа?", — деп жазды саясаттанушы Расул Жұмалы өзінің Facebook парақшасында.

Саясаттанудың айтуынша, тығырықтан шығудың жолын осындай қарапайым сұрақтардан бастау керек. 

Ал тәуелсіз журналист Дина Елгезек  өз парақшасында "Денистың өлімі — бүгінгі жүйенің іріп-шірігендігін көрсетті" деп атап өтті.  

"Неге криминал көбейіп кетті? Жұмысы болса, алған білімі болса, қазақтың жігіттерінің ұрлықпен күн көріп несі бар? Халықтың әлеуметтік жағдайы мығым болса, қылмыс көбейе ме? Заң мен тәртіп нық болса, тапа талтүсте қарақшы топ xалықты басынады ма? Денсаулық саласы мықты болса, санға тығылған пышақтан адам өледі ме? Әділет іздеп алаңға шыққан елдің ізінде бір машина полицейлер жүреді. Ал шын көмекке мұқтаж жандарға бұл елдің полициясы да, жедел жәрдемі де кешігіп жетеді…", — деп жанайқайын жазды Дина Елгезек. 

"Бір адам 7 жыл басқару деген, бұл сұмдық қой. Билік жоғарыдағы резонанс тудырған дүниелерді ғана көріп отыр. Ал астының іріп-шіріп жатқанын көрмейді. Іріңдеген сыздауық та бір күні жарылады. Біз міне, жарылдық. Енді өзегін шығарып тастауымыз керек", — деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында заңгер Айгүл Орынбек. 

Айгүл Орынбектің айтуынша, Денис Теннің қазасы – қоғамның айнасы. Сол үшін де Қасымов отставкаға кетуі керек.

Тақырып:
Денис Теннің қазасы (100)

Тақырып бойынша

Денис Тенді өлтіргендерді жақтаған мұғалім жұмыстан қуыла ма?
Денис Тен қаза тапқан күні күдікті Астанада сотқа келуі тиіс болған
Алматы халқы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды (фото)
Денис Теннің өлімі: Күдікті сотта не айтты?
Желіде Денис Теннің әні жарияланды
Денис Тенді өлтірді деген күдікті оқиғаның қалай болғанын көрсетті - видео
Денис Теннің қазасы: ұсталған күдікті бұған дейін заң бұзған болып шықты
Денис Тен ажал аузынан қалуы мүмкін бе еді?
Денис Тенге шабуыл жасалған жерден видео жарияланды
Кілт сөздер:
отставка, Ішкі істер министрлігі, Қалмұханбет Қасымов, Денис Тен, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып