13:51 23 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Қазақстан полициясы

Жақыпов: қазақстандықтар полициядан қорқады деп ойламаймын

© Sputnik /
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
65 0 0

Ішкі істер министрі орынбасарының пікірінше, азаматтар өз құқықтарын белсенді қорғап жүр

АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыповтың пікірінше, қазақстандықтар полицияға жүгінуден қорықпайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Біздің азаматтар полицияға жүгінуге қорқады деп ойламаймын. Керісінше, олар полицейлердің үстінен шағымданып, бізден істің егжей-тегжейін анықтауды сұрап жатады. Мұның өзі азаматтардың өз құқықтарын белсендірек қорғап жүргенінің айқын көрінісі деп ойлаймын", — деді Жақыпов Астанада Денис Теннің өліміне қатысты істі тергеу туралы баспасөз мәслихатында. 

Ол қазақстандықтар полицияның жұмысын сынап қана қоймай, оларға алғыс айтып жататынын да тілге тиек етті.

"Азаматтар атқарылған жұмыс үшін полицейлерге алғыс айтатын фактілерді де көптеп келтіре аламын. Мұны да жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан Қазақстан қоғамы полициядан немесе полицияға жүгінуден қорқады деп айтпас едім. Кейбір фактілер мен әлеуметтік желілерде айтылатын дүние біздің қоғамның бейнесі емес. Десек те, біз полицейлердің дөрекілік танытуы немесе ісіне немқұрайлы қарауы фактілері бойынша қатаң тексеріс жүргіземіз. Бүгінде бізге, шынымен де, оң көзқарас қалыптастыру үшін халықпен жұмысты күшейтіп, полицияның жұмысын түсіндіру керек деп санаймын", — деді Жақыпов.

Тақырып бойынша

Шымкентте мал бағып жүрген баланы атып кеткен дөкейді полиция ұстады
Жазғы лагерьдегі бала өлімі: полиция түсініктеме берді
Полиция 11 айлық сәбидің денесіне кімнің ине тыққанын анықтады
Қолын бұрап алып кетті: полиция төбелес шығарған қыздарды ажыратты
Полиция бизнесменнің пәтерінен 11 адамның денесін тапты
Полиция Ақтаудағы атысқа қатысты түсініктеме берді
Полиция құлдықта болдым деген қыздың оқиғасына қатысты түсініктеме берді
Кілт сөздер:
Қазақстан азаматтары, полиция, Ішкі істер министрлігі, Рашид Жақыпов, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып