Қоғам

Астанада қай үйлер бұзылады?

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуЕскі үй
Ескі үй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2022 жылға дейін "Байқоңыр" ауданында 15 үй – 509 пәтер бұзылады

АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Астана қаласы "Байқоңыр" ауданының әкімі Ерлан Қаналимов "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша алдағы жылдары қай үйлер бұзылатынын айтты.

Оның Facebook парақшасында жариялаған мәліметіне сүйенсек, 2018 жылы 68 пәтері бар 3 үй бұзылады: Севастополь көшесі, 12, Автоматика ауылы, 6 және Ойыл көшесі, 17

  • 2019 жылы 68 пәтері бар алты үй бұзылмақ – Бейсекбаев көшесіндегі  17/2, 17/3 және 17/4 үйлер, Жиенқұлов көшесіндегі екі үй — 11/1 және 11/2, сонымен бірге Ойыл, 19.
  • 2020 жылы Янушкевич көшесі,12 мекенжайы бойынша орналасқан 156 пәтері бар бір үй бұзылатын болды.
  • 2021 жылы 184 пәтері бар тағы бір үй бұзылмақ – Янушкевич көшесі, 12/1.
  • 2022 жылы жалпы пәтер саны 33 төрт үй бұзылады: Кемеңгерұлы көшесі, 21, Янушкевич, 10/2 және 10/3, Сейфуллин көшесі, 54/2.

Бұл жазбаның астында аудан тұрғындары ескіріп кеткен басқа да үйлерге назар аударды.

"Байқоңыр" ауданы Астанада 2018 жылдың басында пайда болды, оның аумағы "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының біраз бөлігінен құралған.

Жаңалықтар
0