12:17 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Ыстықкөлге демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалды

Ыстықкөлге демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалды

© Photo : пресс-служба МИД РК
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
119 0 0

Қазір ана мен сәбидің жағдайы жақсы, дәрігерлердің бақылауында

АСТАНА, 26 шілде — Sputnik. Қазақстан билігі Қырғызстанда мерзімінен бұрын дүниеге келген сәбиді елге жеткізді, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі Sputnik агенттігіне.

Қазақстан азаматшасы демалуға барған, 5 шілдеде мерзімінен бұрын толғағы басталыпты. Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласындағы перзентханада шала туған нәрестелерге қажетті жағдай жасалмаған. Сол себепті қазақстандық дипломаттардың арқасында әйел адам Бішкекке шұғыл жеткізіліп, 6 шілдеде аман-есен босанды.

Анасының құрсағында жеті ай ғана жатқан сәби 1 985 грамм салмақпен туды, оны шала туған нәрестелерге арналған арнайы аппаратқа қосып қойған. Дипломаттар қазақстандық және қырғызстандық дәрігерлермен кеңесіп, шақалақтың әрі қарай дамып жетілуі үшін, Тараз қаласына жеткізуге шешім қабылдады.

  • Ыстықкөлге демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалды
    Ыстықкөлге демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалды
    © Photo : пресс-служба МИД РК
  • Ыстықкөлге демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалды
    Ыстықкөлге демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалды
    © Photo : пресс-служба МИД РК
  • Ыстықкөлге демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалды
    Ыстықкөлге демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалды
    © Photo : пресс-служба МИД РК
1 / 3
© Photo : пресс-служба МИД РК
Ыстықкөлге демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалды

Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы жаңа туған сәбилерге арналған реанимобиль ұсынып, Қазақстан елшілігі көліктің екі ел шекарасынан еш кедергісіз өтуіне жағдай жасады.

"Қазақстандық консулмен бірге реанимобиль 23 шілдеде қазақ-қырғыз шекарасынан өтіп, жас босанған әйел мен нәрестесін Тараз қаласына жеткізді", — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазір ана мен бала тараздық дәрігерлердің бақылауында, өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Тағы оқыңыз:

Тақырып бойынша

Ыстықкөлде "Азаттық" радиосының тілшісі суға батып кетті
Пойыз апатынан қаза тапқан баланың отбасы Ыстықкөлге демалуға бара жатқан
Кілт сөздер:
жас босанған әйел, демалу, нәресте, дипломаттар, дәрігерлер, аурухана, Ыстықкөл, Тараз, Жамбыл облысы, Қырғызстан, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып