Қоғам

Қазақстандықтар тамызда неше күн демалатыны белгілі болды

© Sputnik / Серикжан Ковланбаевқазақстандықтар
қазақстандықтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мереке күндерін қосқанда, келесі айдың 10 күні – демалыс

АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Сенбі-жексенбі мен мереке күндерін қосқанда, тамыз айында қазақстандықтар он күн демалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Елімізде мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтетін алғашқы күні демалыс болып саналады. Биыл Құрбан айттың бірінші күні 21 тамызға тура келіп тұр. 

Хазірет Сұлтан мешіті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Құрбан айт 2019: мереке жайлы не білуіміз керек?

Ал 30 тамыз – Конституция күні. Бұл күні де қазақстандықтар демалады. 

ҚР Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы. Үкіметтің 2018 жылы күндерін өткізу туралы қаулысына сәйкес, қазақстандықтар 25 тамыз, сенбі күні жұмыс істейді. Ал 31 тамыз, жұма күні демалады. Осылайша, 30, 31 тамыз және 1,2 қыркүйек – демалыс күндері.

Қайда демалуға болады —  Назарбаев кеңес береді

Жаңалықтар
0