Қоғам

Денис Теннің туыстары Алматы тұрғындарына үндеу тастады

© Sputnik / Алексей СтефановДенис Тен, архив
Денис Тен, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен аптаның бейсенбісінде Алматыда белгілі спортшы Денис Тен ұрылардың қолынан қаза тапты

АЛМАТЫ, 26 шілде — Sputnik. Денис Теннің туыстары мен достары Алматы тұрғындары мен қонақтарына үндеу тастады. Олар оқиға куәгерлерін, Тенге шабуыл жасалған жерде сол күні тұрған көліктердің иелерін іздеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik. 

Денис Теннің қазасы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Чемпионсыз өткен бір апта: халық не талап етті, билік не дейді?

Хабарландыруды олар әлеуметтік желілерде жариялады. 

"19 шілде күні таңертең және түсте Құрманғазы-Байсейітова көшелерінің қиылысында тұрған көліктердің иелері хабар берсеңіздер! Денис Тенді өлтірген қылмыскерлер туралы толыққанды ақпарат жинауға көмек қажет. Бұл резонанстық істе нағыз кінәлілердің жазаланғаны аса маңызды. Бұл істе ұсақ-түйек еш нәрсе жоқ! Видеожазбаға түсірілген кез келген дүние маңызды. Автотіркегіштердің барлық жазбасын тағы бір рет мұқият қарап шығуларыңызды сұраймыз. Кез келген ақпарат үшін алдын ала алғыс айтамыз! Анонимділік сақталады. Кез келген уақытта мына нөмірлерге хабарласуға болады: 8702 945 55 99 /8701 999 4701", — деп жазған үндеудің авторлары.

Денис Тенді өлтіргендердің бірі Құдайбергенов туралы ауылдастары айтып берді

Еске сала кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапты. Оқиға Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында түскі үштер шамасында болған. Спортшы тұрақта тұрған көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түседі. Арада жанжал басталып, салдарынан Денис Тен пышақ жарақатын алады. Көп қан жоғалтқан ол кешкі бес жарым кезінде ауруханада көз жұмды.

Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті ұсталып, тергеу жүріп жатыр. 

Жаңалықтар
0