05:55 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
ҚР Бас прокуратурасы

5 мың педофил мен қаскөйді ешкім босатайын деп жатқан жоқ – Бас прокуратура

© Sputnik /
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
283 0 0

Марат Ахметжановтың айтуынша, олардың ішінде педофилдер, зорлық жасағандар, адам өлтіргендер жоқ

АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы ізгілендіруге бағытталған заңның негізгі қағидалары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Аталған заң 31 шілдеде күшіне енеді. 

"Осы заң шыққалы әлеуметтік желілерде шындыққа жанаспайтын ақпараттар тарауда. Ауыр қылмыс жасаған 5 мың адам бостандыққа шығады деп шулап жатыр. Олардың қатарына зорлау, тонау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және басқа да ауыр қылмысы үшін сотталғандарды қосып жатыр. БАҚ-та да бұл ақпарат жарияланды. Біреулер мәтіннен үзіп алып, сенсация жасағысы келді. Соның кесірінен қоғам дұрыс түсінбей қалды", — деді Ахметжанов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Ол бостандыққа шығатын 5 мың адамның ішінде ауыр қылмыс жасағандар жоқ екенін атап өтті. 

"Қарақшыларды, педофилдер мен адам өлтірген қаскөйлерді ешкім босатқалы жатқан жоқ, босатпайды да", — деді бас прокурордың орынбасары. 

Айтуынша, зорлау, тонау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру қылмыстары бойынша жауапкершілік сол күйі қалады. Мұндай қылмысқа барғандар рақымшылыққа ілінбейді, жәбірленушімен ымыраға келсе де, істеген ісіне өкінсе де жазадан құтылмайды.

Шымкентте зорланған баланың әкесі уайым-қайғыдан көз жұмды 

Заң аясында Қылмыстық кодекстің 262-бабына, қылмыстық-процестік кодекстің 45 және қылмыстық атқару кодексінің 9-бабына түзетулер енгізілген. 

Ауырлығы орташа және онша ауыр емес, адам өліміне әкеп соқпаған 247 қылмыс бойынша баламалы жаза түрінде алғаш рет қоғамдық жұмыс енгізілді. 

Айыппұлдың ең төменгі көлемі 500-ден 200 АЕК-ке (1,2 миллион теңгеден 481 мың теңгеге дейін) дейін төмендетілді, ал оны төлеу мерзімі 6 айдан 3 жылға дейін ұлғайды.

Ер адам қызына тиіскен азғынның жыныс мүшесін кесіп алды 

Кілт сөздер:
түрме, қылмыскер, педофил, Марат Ахметжанов, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып