10:56 24 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.01
  • EUR420.88
  • RUB5.84
Тергеу абақтысының қызметкері, архивтегі фото

Бишімбаев пен Ермегияев бостандыққа шығуы мүмкін бе?

© Sputnik / Владимир Песня
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Қуандық Бишімбаевтің ісі (16)
224 0 0

Қылмыстық саясатты ізгілендіру туралы заңда ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандарды босату көзделмеген

АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев қылмыстық саясатты ізгілендіру аясында мерзімінен бұрын бостандыққа шыға алмайды. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Жоқ, әрине. Олар ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталды. Ізгілендіру адамның кім екеніне емес, оның жасаған қылмысына байланысты. Бишімбаев болсын, Ермегияев болсын, егер оларда заңды күшіне енген қылмыс құрамы болса, онда олар бұл санатқа кірмейді", — деді Ахметжанов.

Оның айтуынша, қылмыстық саясатты ізгілендіру қоғамға шын қауіп төндіретін адамдарды оқшаулауға бағытталған. Ауыр қылмыс жасағандарды, соның ішінде қарақшылар, адам өлтіргендер мен педофилдерді ешкім түрмеден босатпайды.

Тақырып:
Қуандық Бишімбаевтің ісі (16)
Кілт сөздер:
қылмыс, ЭКСПО, сыбайлас жемқорлық, Талғат Ермегияев, Қуандық Бишімбаев
Загрузка...

Басты тақырып