19:53 20 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Нәресте, архивтегі фото

Қазақстандағы медициналық ұйымдардың рейтингі жарияланды

CC0 / bingngu93
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
38 0 0

Медициналық ұйымдардың рейтингі балдық жүйенің екі бағыты: клиникалық қызмет және менеджмент деңгейі бойынша жұлдыздар арқылы бағаланады

АСТАНА. 30 шілде — Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі 2017 жылдың қорытындысы бойынша медициналық ұйымдардың рейтингін жариялады.

Медициналық ұйымдарды қызметін рейтингтік бағалау қорытындысын Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы шығарды. Тізімге  медициналық көмек көрсететін республикалық, облыстық және қалалық деңгейлердегі медициналық ұйымдар кірді.

Рейтингті есептеу үшін индикаторлар ретінде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы саласындағы 50 жуық ең маңызды көрсеткіштер іріктеліп алынды. 

Рейтингтің балдық жүйесі екі бағыт: клиникалық қызмет және менеджмент деңгейі бойынша 1-ден 5-ке дейін жұлдыздар беруге  ауыстырылды.

 Қалалық маңызы бар 25 перзентхана мен перинаталды орталықтың ішінде клиникалық көрсеткіштер бойынша  6 ұйымға 5 жұлдыз берілді: "Жамбыл облысы әкімдігі  Денсаулық сақтау басқармасының Қалалық перинаталдық орталығы"   ШЖҚ МКК, Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Жаңаөзен қалалық перзентханасы" ШЖҚ МКК, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының "Қалалық перинаталдық орталығы"  ШЖҚ МКК, "Аймақтық акушерлік-гинекологиялық орталық" ЖШС, Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Арқалық перзентханасы" КМК,  ҚР ДСМ "Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы"  ШЖҚ РМК.

Астанада босану кезінде көз жұмған әйелдердің бірінің баласы комаға түсті 

Сондай-ақ, клиникалық қызмет бойынша 5 жұлдызға 17 облыстық перинаталды орталықтың 6-уы қол жеткізді: Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Перинаталдық орталық" ШЖҚ МКК, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық перинаталдық орталығы" ШЖҚ МКК, Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық перинаталдық орталығы" ШЖҚ МКК, Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының  "Қостанай перинаталдық орталығы" КМК, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Атырау облыстық перинаталдық орталығы" ШЖҚ КМК,  Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық перинаталдық орталығы" МКҚК.

Қазіргі уақытта Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры "Халықтық бақылау" мобильдік қосымшасын іске қосты, онда әрбір пациенттің ТМККК шеңберінде көрсеткен қызметі үшін медициналық ұйымға өз бағасын қоюға мүмкіндігі бар. Осылайша, объективті көрсеткіштер негізінде жасалатын ДСДРО-ның жыл сайынғы рейтингіне қосымша   "Халықтық бақылау" мобильдік қосымшасы жыл бойы  пациенттермен кері байланыс жасаудың  жылдам әдісі болып табылады.

Кілт сөздер:
халықаралық рейтинг, денсаулық сақтау министрлігі, ана мен бала, медицина
Загрузка...

Басты тақырып