Қоғам

Назарбаев билікті жамандық деп пайымдаған данагөйлермен келіспейді

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуҚазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, архивтегі фото
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Билік – ең алдымен жауапкершілік, ал қызмет өскен сайын жауапкершілік арта түседі, деп атап өтті мемлекет басшысы

АСТАНА, 31 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Билік деген не?" деген сұраққа жауап берді. Мемлекет басшысының ойлары жазылған архивтегі видеодан үзіндіні президенттің телерадиокешені жариялады. 

"Маған дейін бұл сұраққа данагөйлер жауап берген. Олар: "Билік – жамандық, ақша да адамға бақыт сыйламайды. Ең дұрысы бұл ауыртпалықтан босап, қарапайым адамның өмірін  сүру керек, бақыт деген сол" деп айтқан. Ал біз, басшы қызметіне келіп, билікті ұстаған адамдар басқаша ойлауға тиіспіз", — деп түсініктеме берді Қазақстан президенті.  

"Билік – ең алдымен жауапкершілік. Қызмет өскен сайын жауапкершілік арта түседі", — деп толықтырды Назарбаев.

 

 

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстанды 1991 жылдан бері басқарып келеді. Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) мәртебесін алды. Назарбаев өмірінің соңына дейін Қазақстан президенті сайлауына түсе алады. Сондай-ақ ол Қазақстан Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төрағалық ету құқығын иеленді.    

Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі президенттік мерзімі 2020 жылы аяқталады. Бұған дейін Назарбаев Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында келесі президент сайлауына қатысуы туралы сұраққа жауап бере отырып, бұл "өзінің денсаулығы мен қоғамның қолдауына" байланысты болатынын мәлімдеді.  


Жаңалықтар
0