14:35 26 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD378.83
  • EUR430.99
  • RUB6.04
Мұхтар Әблязов, архивтегі фото

Бас прокуратура Әблязовты Астанаға шақырды

© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
352 0 0

Әблязов 16 тамыз сағат 15:00-ге дейін Қазақстанның Бас прокуратурасы ғимаратына келуі тиіс

АСТАНА, 31 шілде — Sputnik. Қазақстанның Бас прокуратурасы экс-банкир және оппозиционер Мұхтар Әблязовты жауап алу үшін шақырады. 

 Бас прокуратура аса ауыр қылмысты жасау фактісі бойынша Мұхтар Әблязовқа қатысты қылмыстық істі тергеуде.

Тергеу барысында Е.Н.Тәтішевті қасақана өлтіруді ұйымдастыруда күдіктінің әрекетін құқыққа қарсы деп бағалайтын дәлелдер табылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 208-бабы 1-бөлігіне сай күдікті жауап алуға шақырылады.

Алайда М.Қ. Әблязовтың Қазақстан Республикасы аумағынан тыс болуына және келуден жалтаруына байланысты Бас прокуратура ҚПК 205-бабы 3-бөлігін басшылыққа ала отырып, күдіктіні жауап алуға шақыру туралы хабарландыруды еліміздегі және Әблязовтың орналасқан жері Франциядағы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялайды.

 "Күдікті Әблязов Мұхтар Қабылұлы, Сізге 2018 жылғы 16 тамыз сағат 15:00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 14 мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әкімшілік ғимараты Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісі – жедел-тергеу тобының басшысы Бекжан Ермұханбетұлына келу қажет", — деп жазылған хабарламада. 

Президент Әблязов бастаған БТА банк мемлекет пен халықтың ақшасын ұрлағанын айтты  

 Шақырылған мерзімде келуге кедергі болған жағдайда, сондай-ақ прокурорға немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді іске асыратын тұлғаға қорғаушымен қамтамасыз ету туралы өтініш хат беру туралы ой болған жағдайда күдіктіге болмаса оның мүддесін белгіленген тәртіппен көздейтіндерге қылмыстық қудалау органын алдын ала ескерту қажет. 

Тақырып бойынша

Қожамжаров: Әблязов пен Храпуновтар жауапкершіліктен құтыла алмайды
Бас прокуратура Әблязов ісіне қатысы бар тұлғаларды түгел қайтармақшы
"Әблязов ісіне" қатысты екі адам Қазақстанға ерікті түрде келді
Әблязов ісі: сотталушылардың бірі айыбын мойындады
Кілт сөздер:
Бас прокуратура, Мұхтар Әблязов
Загрузка...

Басты тақырып