09:35 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Операция

Қазақстан дәрігерлері әлемде бұрын-соңды болмаған отаны жасады

© Sputnik / Варвара Гертье
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3268 0 0

Қазақстандық дәрігерлер алғаш болып жасанды жүректің орнына донорлық жүрек салды

АСТАНА, 1 тамыз — Sputnik. Астанадағы Ұлттық ғылыми-кардиохирургия орталығында Павлодар облысынан келген науқасқа жасанды жүректің орнына донорық жүрек салынды, деп хабарлады Елорда Инфо. 

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 19 қазанында Астанада алғашқы халықаралық жасанды жүрек имплантациясы жасалған болатын. Ауыр жағдайдағы жүрек жеткіліксіздігімен ауырған Павлодар облысының тұрғыны Құнанбай Абраевқа француздық Carmat компаниясының жасанды жүрегі салынды.

Жасанды жүректі импланттау науқастың өмірін сақтаудың жалғыз жолы болды. Арада 8 ай өткен соң, 2018 жылдың 19 маусымында Құнанбай Абраевқа ортотопиялық жүректі транспланттау отасы жасалды.

"Мұндай науқастарға жасанды сол жақ қарынша немесе тұтас жасанды жүрек имплантталады. Бұл CARMAT жасанды жүрегінен кейін донорлық жүрек салынған әлемдегі алғашқы науқас", — деді "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя.

Сондай-ақ ол не себепті науқасқа бірден донорлық жүрек салынбағанын айтып берді.  

Балаларға зиянды тағамдардың қатарында жүзім мен бал да бар болып шықты

"Оған бастапқыда донорлық жүректі салу мүмкін болмады, себебі өкпе, бауыр және т.б.ағзаларында өзгеріс болды. Сол себепті жасанды жүректі импланттау туралы шешім қабылданып, арада 6 ай өткен соң жағдайы жақсарғаннан кейін донорлық жүректі күтіп отырғандардың тізіміне қосу мүмкін болды. 8 айдан соң біз сәйкес донорға ие болып, транспланттадық. Қазіргі күні ол реабилитациядан өтіп жатыр, науқас үшін ауыр процедура болғандықтан ол қазір реанимацияда, алайда есін біледі", — деді Пя.

Сондай-ақ кардиохирургия орталығының мамандары жасанды жүрегі донорлық жүрекке ауыстырылған науқас палатада жатқанын, туыстарымен сөйлесіп, теледидар көргенін  айтты.

Жаңғақтың жүрекке қандай пайдасы бар екені анықталды  


Тақырып бойынша

Елімізде алғаш рет науқасқа жасанды жүрек салынды
Сарапшылар ТМД елдеріндегі жүрек-қантамыр дертіне қатысты ахуалды талқылайды
Дүниежүзілік жүрек күніне орай кардиологтар консультациялары ұйымдастырылады
Кілт сөздер:
донорлық жүрек, жасанды жүрек, Юрий Пя, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып