04:44 21 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Сайрагүл Сауытбай балаларымен

Сайрагүл Сауытбай бостандықта: қазақ неге алаңдайды?

© Sputnik / Айгерім Таубай
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Сайрагүл Сауытбайдың ісі (9)
294120

Шекарадан заңсыз өтті деп айыпталған қандасымыз 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасымен сот залынан босатылды

АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik, Нұргүл Абай. Бүгін қазақ халқын екі-үш айдан бері алаңдатқан іске нүкте қойылды. Алматы облысы Панфилов аудандық сотында Қытай азаматы, шекараны заңсыз кесіп өтті деп айыпталған этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайға сот үкімі шықты. Сот қандасымызды 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырып, сот залынан босатты.  Оған Қазақстан аумағынан шығару туралы қосымша жаза қолданылмайды. Көптен күткен жеңісті әлеуметтік желі қолданушылары қалай қабылдап жатыр? Қоғам белсенділері, танымал блогерлер не дейді?

Аспаннан алғыс жауған күн 

Шарасыздықтан шекараны заңсыз кесіп өтуге мәжбүр болған қандасымыздың тағдыры қазақ жұртын бей-жай қалдырмады. Сайрагүл Сауытбай түрмеге қамалды дегенді естіген жұрт өре түрегеліп, екі баланың анасын Қытайға қайтармауды талап еткен еді. Міне, бүгін көптің тілегі қабыл болды. Судьяның аузынан "сот залынан босатылсын" дегенді ести салысымен, қазақстандықтар бір-бірінен сүйінші сұрап, бөркін аспанға лақтырды. 

Желі қолданушылары осы істің басы-қасында жүрген журналист Сәуле Әбілдаханқызы мен қорғаушы Абзал Құспанға алғысын жаудыруда. 

"Сайрагүл Сауытбай сотының жеңісі Сәуле ханым мен Абзал мырзаның еңбегі", — деп жазған қолданушылардың бірі. 

Ал қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан бүгінгі сот үкімін халықтың жеңісі деп атады. 

"Сайрагүл қарындасымыз бостандықта! Бұл xалықтың жеңісі! Тағы бір дәлел, xалықтан артық күш жоқ! Жеңістеріңіз құтты, ұзағынан болсын, сүйікті ағайын! Адвокат Абзал Құспан бауырымызды ерекше құттықтаймын!", — деп лебізін білдірді Тайжан. 

Белгілі журналист Шархан Қазығұл да қалың қазақты жеңісті күнмен құттықтады. 

"Жұдырықтай жұмылмай жүре берсе, жатқа жем болатынын жанымен ұғып, ақылмен пайымдаған әр қазақ Сайрагүлдің бостандығына жүрегі жарылып қуануда! Ұлт құдіреті бірлікте екені дәлелденген Күн! Рух ұлылығымен келген Жеңіс ұлт ұлылығына ұласқай! Оянған қалпыңда тез тұр да, жүгіріп кет, Қазақ!", — деп ұрандатты ол. 

Адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов Қытай түрмесінде отырған қазақ қызының жағдайын біліп қайтты

Істің оң шешілуі Жаркент сотының беделін бір көтеріп тастағаны рас. 

Қарымды қаламгер Сәкен Сыбанбай "Жаркент сотын әлемдегі ең гуманды сот" деп атаса, ақын, журналист Жанарбек Әшімжан "қазақтың ар-намысын сақтап қалған Жаркент аудандық сотының даңқы арта берсін" деп тіледі.

"Жасасын менің отаным Қазақстан және оның ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев", — деп жазды ақын Ауыт Мұқибек.

Сайрагүлге – Нобель сыйлығы

Белгілі журналист, мәдениет қайраткері Қуандық Шамахайұлы Сайрагүл Сауытбай бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығына алуы тиіс деп санайды. Қандасымыздың бұл сыйлыққа неге лайық екенін де желідегі парақшасында түсіндіріп өткен.  

"Ең бастысы, күйреудің алдында тұрған ҚХР-дағы тоталитарлық режимнің өз ішіндегі аз ұлттарға жасап келген қиянаты мен адам құқығына қарсы қылмыстарын алғаш рет сот алдында, ресми түрде әлемнің алпауыт ақпарат құралдарының журналистері мен қытай билігі өкілдерінің алдында асқан батылдықпен, ештеңеден қаймықпай әділ түрде жариялады. Мұндай ерлік шекара бұзып келген кез келген азаматтың қолынан келе бермейді", — деп жазды ол. 

Оның айтуынша, Сайрагүл арқылы әлемдік өркениет тәуелсіз Қазақстан Республикасын адам құқығын қорғайтын, ашық жариялы, өз халқының талаптарымен, қоғамдық пікірмен санасатын демократиялық ел деп таныды. 

"Қазақ халқы үшін өз елінің құқық қорғау орындарына, прокуратураға, сотқа деген сенімін оятты. Осылайша, отарсызданудың жаңа дәуірін бастағандықтан Сайрагүл Сауытбай бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығына әбден лайық", — деп санайды Қуандық Шамахайұлы. 

Қазақстанның сыртқы қарызы 0,8 миллиард долларға қысқарды 

Сот отырысының бастан-аяқ қазақ тілінде өткені де дүйім жұртты қуантты. 

"…Бұл өзі қызық сот болды. Қоғамда қазақ лоббиы қалыптасты. Және оған Сайрагүлдің соты себеп болды. Сот қазақтың ығына жығылды, қазақша өтті. Енді қалған прокурорлар да осы прокурор әріптесінен үлгі алса екен деймін!",-деп жазған блогер Жолымбет Мәкіш. 

Қазақстандықтар неге алаңдайды?

Десе де, алды-артын ойлап, болашағын бағамдап жүретін қазақстандықтар Сайрагүл Сауытбай мен Қытайда түрмеде отырған қандастарымыздың ендігі өміріне алаңдап отыр. 

"Қазақстанда қытайлар көп, енді Сайрагүлге қастандық жасалмауын ойлау керек", — деп жазған желі қолданушыларының бірі.

"Енді эмоцияны тежей тұрып ойланайық: бір қазақты аждаhаның аузынан қорғап қалдық, бәрекелді! Енді сол қызыл аждаhаңыз арғы беттегі қандастарымызға одан бетер өршелене түсіп, қырғидай тимей ме?!", — деп алаңдаушылық білдірді ақын Ақберен Елгезек.

Сайрагүл Сауытбайдың ісі  

Осы жылдың мамырында Алматы облысының тұрғыны Уәли Ісләм әйелі Сайрагүл Сауытбайды Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері "Қорғас кеден бекетін заңсыз бұзып өтті" деген айыппен ұстап алып кеткенін хабарлаған еді. 

Ерлі-зайыпты Уәли Ісләм мен Сайрагүл Сауытбай екі баласымен бірге Қазақстанға 2016 жылы көшіп келгісі келген. Туыстарының айтуынша, Сайрагүл Сауытбайдың Қытайда мемлекеттік қызметте істеуіне байланысты жергілікті билік паспортын алып қойған. Сондықтан ол "Қазақстан азаматтығына тапсыра алмаған".

Сайрагүл Сауытбайдың ісі отандық қана емес, әлемдік БАҚ назарын өзіне аудартты. Әлеуметтік желілерде Сайрагүл Сауытбайға араша сұрағандар көп болды.

Ал бүгін Алматы облысының Панфилов аудандық сотында қандасымызға сот үкімі шықты. Сот Сайрагүл Сауытбайды 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырып, сот залынан босатты. Оған Қазақстан аумағынан шығару туралы қосымша жаза қолданылмайды, Сайрагүл Сауытбай алты ай пробациялық бақылауда болады. 

Сот отырысына азаматтық белсенділер, шетелдік және қазақстандық журналистерді есептегенде 60-қа жуық адам келді.


Тақырып:
Сайрагүл Сауытбайдың ісі (9)

Тақырып бойынша

Қытайда ұсталған 90 жастағы қазақ әжей бейнеүндеу жариялады
Қазақстан Қытайда ұсталған этникалық қазақтарды босатуды сұрады
Қазақстан азаматы Қытайда көз жұмды
Қытайда тұрған қандасымыз Павлодар облысына трактормен көшіп келді
Қытайда өлім жазасына кесілген қазақстандық елге оралды
Кілт сөздер:
қандастар, оралмандар, Сайрагүл Сауытбай, Абзал Құспан, Назарбаев, Қытай, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып