06:34 18 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.07
  • EUR427.54
  • RUB6.08
дәрі

Денсаулық министрлігі қауіпті дәріні дәріханаларға қайтаруды сұрайды

CC0 / Michal Jarmoluk
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1638 0 0

"Вазар" 80 мг препараттарын тегін рецепті бойынша берілген дәріханаға немесе медициналық ұйымға тапсыру қажет

АСТАНА, 2 тамыз — Sputnik. ҚР денсаулық сақтау министрлігі фармация комитеті құрамында валсартан бар дәрілік препараттарды нарықтан кері қайтарып алып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бұған дейін, Еуропаның дәрілік заттар агенттігі (ЕМА) мен АҚШ-тың тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектері сапасын санитарлық қадағалау басқармасының (FDA) құрамында валсартан бар препараттарды нарықтан кері қайтарып алып жатқаны хабарланған болатын. Бұл дәрілердің белсенді субстанциясын Қытайдың Чжэцян Хуахай Фармасьютикалс компаниясы өндірген.  

Белгілі болғандай, кейбір партияларда қауіпті қоспа табылған. 

Қазақстанда валсартан заты бар үш препарат анықталып отыр. Олар: "Гедеон Рихтер" өндірген "Нортиван", "БалканФарма-Дупница АД" өндірген "Вазар" және Вазар-Н және түрік компаниясы шығарған "Комби Кардиофикс-сановель Плюс". 

Түркиялық препарат тіркелген сәттен бері Қазақстан аумағына бірде бір рет жеткізілмеген. "Нортиванның" бірқатар партиясы 10 шілде күні-ақ кері қайтарып алынған. Ал "Вазар" дәрісі Қазақстанға жеткізілген, оның үстіне бұл таблеткалар кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында сатып алынған.

"Ішкі тексеріс жүргізу барысында Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитеті "Вазар", "Нортиван" және "Вазар-Н" препараттарының тіркеу куәлігін қайтарып алу туралы шешім қабылдады. Өйткені бұл дәрілер қауіпті ауруларды емдеуде қолданылады, дәрігердің рұқсатынсыз кері қайтарып алынған препараттарды ішуді тоқтатуға болмайды. Осыған байланысты, валсартан қабылдайтын барлық пациент тез арада дәрігерге жүгініп, оны басқа препаратқа ауыстырып алуы керек", —деді Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова.

Оның айтуынша, валсартан препараттарын артериялық қысымы жоғары пациенттер ішеді. "Вазар" және "Вазар-Н" дәрілері Қазақстанда 2010 жылдан бері тіркелген және жергілікті дәрігерлер тарапынан кеңінен пайдаланылып келді. Ал жеткізуші субстанция өндірісі технологиясын тек биыл ғана өзгерткен. 

Головкиннің сөзі рас болып шықты: "Канелоның" дәрі ішіп жатқан видеосы жарияланды

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында "Вазар" препаратын 47 мыңға жуық пациент  алған. 

"Қолда бар сериялық нөмірлері 471217, 471317, 301717, 333217, 209917, 419817, 420017, 488117 "Вазар" 80 мг. препараттарын тегін рецепті бойынша берілген дәріханаға немесе медициналық ұйымға тапсыру қажет", — деді Бюрабекова.

Тақырып бойынша

Қазақстанға Грузиядан аса қауіпті қылмыскер жеткізілді
Қазақстанда 5 мың қауіпті қылмыскер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады
Қазақстандық балық консервісінен қауіпті зат табылды
Қырғызстаннан әкелінетін қауіпті азық-түліктер анықталды
Зағипа Балиева әлеуметтік желілерде қауіпті топтар пайда болғанын ескертті
Ғалымдар көп ұйықтаудың неге қауіпті екенін айтты
Кілт сөздер:
дәріхана, дәрі-дәрмек, Денсаулық сақтау министрлігі
Загрузка...

Басты тақырып