Қоғам

Әнші Айқын Төлепберген қазақстандықтарға үндеу жасады – видео

© Sputnik / Медиабанкке өтуБарселона, архивтегі фото
Барселона, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Барселонада "шорты" кигені үшін мейрамханадан қуылған әнші енді құжаттары мен ақшасынан айырылды

АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Қазақстандық әнші Айқын Төлепбергеннің Еуропаға саяхаты келеңсіз жағдайларға толы болды. Бұл жолы Барселонаның ұрылары отандасымызды төлқұжат пен ақшасыз қалдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Әншінің айтуынша, бір ғана Барселона қаласында жыл сайын 50-ден астам қазақстандық туристі тонап кетеді. Ұрлық Еуропада өршіп тұр дейді ол.

Мейрамхана, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Айқын Төлепбергенді "шорты" кигені үшін мейрамханадан қуып шықты

"Біздің сөмкемізді ұрлап кетті. Рюкзактың ішінде ақша, төлқұжат, машинаның кілті, ұялы телефон – бәрі болған…. Сондықтан көшеге шыққанда, құжаттарды қонақ үйде, сейфте қалдырыңыздар. Фотосы жеткілікті. Полиция ұрланған заттарды іздемейді де. Себебі шағымданушылар өте көп. Метро, автобус, көше, тіпті сауда орталықтарында да ұрлайды. Ұрылар сіздердің қастарыңызда аңдып жүреді. Әңгімемен алдап немесе үстіңізге су шашып, қалтаңызды сыпырып кетуі мүмкін. Әдемі киінген қыз немесе жігіт те болуы мүмкін. Машинаның терезелері күнде шағылуда. Резинаны ауыстырып жатқанда да, сақ болыңыздар. Ал біз үйге қайттық",- деп жазған Айқын инстаграмдағы парақшасында.  

Эстрада жұлдызы Қазақстан консулдығына құжаттарын тез арада қалпына келтіруге көмектескені үшін  алғысын айтты.

Айта кетсек, бұған дейін әншіні Барселонада "шортымен" мейрамханаға кіргізбегені хабарланған еді. Алдын ала төлеген 180 еуросын да мейрамхана әкімшілігі қайтармай қойған. Сондай-ақ, көлігін дұрыс қоймағаны үшін 100 еуро айыппұл төлепті.


Жаңалықтар
0