Қоғам

"Көмектесіңдер". Астанада көшеде полицейдің ұсталған сәті видеоға түсіп қалды

© AFP 2024 / Sebastian Kahnert / POOLҰстау
Ұстау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ІІД баспасөз қызметі ішкі істер органдары күзет бөлімшесінің полицейі ұсталғанын түсіндірді

АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Астананың ішкі істер департаменті желіде тараған полицейдің ұсталған сәті түсірілген видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Әлеуметтік желідегі "Астана — Что? Где? Когда?" тобында екі адамның полицей формасын киген жігітті күштеп көлікке отырғызбақ болған сәті түсірілген видео тарады. Видео авторының айтуынша, Абай көшесінде қозғалыс тоқтаған.

Көлік ұрлау - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда полиция көлік ұрлаушылардың соңынан қуды

"Жол апаты болған шығар деп ойладым, сөйтсем төбелес екен. Екі адам полицей формасын киген жігітті күштеп көлікке отырғызбақ болды. Жігіт "көмектесіңдер" деп айғайлап жтыр. Соңында әлгі үшеуі жол шетіне шықты, сол маңнан өткен-кеткендердің бәрі форма киген жігітке көмектеспек болды. Жігіт жап-жас, қорқып қалған, маған "102" нөміріне қоңырау шалуымды сұрады", — деп жазған Tolga Toleubay фейсбуктегі парақшасында.  

Оның айтуынша, жас жігіт сол маңдағы адамдарға әлгі екеуі қалтасына бір нәрсе алып, оған жаба салмақшы екенін түсіндірген.

"Біз екі адамнан куәліктерін көрсетуді сұрадық. Қызметтік куәліктері бар. Олар 102-ні өздері шақырып, жаңағы жігітті патрульдік көлікке отырғызды. Одан кейінгі тағдыры белгісіз. Жігіттің бір кінәсі бар деп үміттенемін. Түсініксіз. Көшеде форма киген адамды ұстап жатқанын күнде көре бермейсің. Әдетте бәрі керісінше болады", — деп жазған ол. 

Елордалық ІІД баспасөз қызметі ІІБ күзет бөлімшесінің полицейі ұсталғанын түсіндірді.

Тағы оқыңыз: Степногорда түрмеден қашқан қауіпті қылмыскер ұсталды — видео

"Видеода "Алматы" ауданы ІІБ қызметкерлерінің заң бұзушылық жасады деген күдікпен ішкі істер органдарының күзет бөлімшесінің полицейін ұстап жатқаны сәті түсірілген. Қазір тексеріс жүріп жатыр",- деді баспасөз қызметінен.

Жаңалықтар
0