16:02 19 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD420.76
  • EUR498.60
  • RUB5.60
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
80 0 0

Индонезияда екі жер сілкінісі болып, 90-нан астам адам қаза тапты

АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы Индонезияда жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Индонезия табиғи апаттармен күрес агенттігінің Қазақстан консулына берген алдын ала мәліметінше, зілзала салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ", — деп хабарлады Sputnik-ке сыртқы саяси ведомствоның баспасөз қызметі. 

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Индонезиядағы елшілігімен тұрақты байланыста.  

Индонезиядағы жер сілкінісі 

Жексенбі күні, Астана уақытымен 14:56-да Индонезияның Суматра аралының батыс жағалауында 5,7 магнитудалы жер сілкінісі болды. Дүйсенбі күні жерасты дүмпулері қайталанып, Астана уақытымен таңғы сағат 06:28-де Ломбок аралының солтүстік жағалауында тағы да жер сілкінді. Бұл жолы магнитудасы – 5,5. 

Туристер арасында танымал Бали аралында жерасты дүмпулері сезілген. 

Ломбок аралында жер сілкінісінен 90-нан астам адам қаза тапты. Екі жүзден астам адам ауыр жарақат алған. 

Бұған қоса, Ломбок маңындағы аралдардан 900 турист эвакуациялануда, деп жазды РИА Новости.

30 жыл бұрын болған жойқын жер сілкінісінен кейінгі кадрлар жарияланды 

Диплом алғандарын атап өтпек болған түлектер апатқа ұшырап, көз жұмды   


Тақырып бойынша

Алматыдан 97 километр қашықтықта жер сілкінісі болды
Ауғанстанда болған жер сілкінісі Шымкент пен Таразда сезілді
Қазақстанда магнитудасы 4,7 жер сілкінісі болды
Алматыдағы жер сілкінісі ғимараттарға қалай әсер етеді? - видео
Иран-Ирак шекарасындағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 141 адамға жетті
Алматыға жақын жерде қуаты 5,4 балл жер сілкінісі болды
Жер сілкінісінен 40-қа жуық адам зардап шекті
Спитак жер сілкінісінен кейінгі жантүршігерлік кадрлар
Кілт сөздер:
жер сілкінісі, зілзала, Қазақстан азаматтары, Индонезия
Загрузка...

Басты тақырып