Қоғам

ҰБТ-дан 25 және 26 балл алған түлектер оқуға түсті

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуЕмтихан
Емтихан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сынақтан төмен балл алып қалған түлектер Қазақстанда тегін білім алу мүмкіндігіне қол жеткізді

АСТАНА, 6 тамыз — Sputnik. Ұлттық бірыңғай тестілеуден 25 балл алған түлек грантқа оқуға түсті.

Назарбаев Университетінің студенттері - Sputnik Қазақстан
Қоғам
2018 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

25 балл алған талапкердің есімі мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімінде жазылған. Ол енді "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша білім алады.

Болашақ студент Қазақстан азаматы емес, бірақ қазақ ұлтынан шыққан талапкерлерге бөлінген квотаға ие болған.

Биыл қазақ диаспорасының 862 өкілі Қазақстанда жоғары білім алуға грант алды.

Олардың арасында 133 балл жинаған түлек те бар. Кей оқушылар төмен нәтиже көрсетіп, небәрі 25, 26 және 27 балл алған екен.

Шиара Құдайбергенова қайда оқуға түсті?

Грант иегерлерінің толық тізімі дүйсенбі күні электронды форматта жарияланды.

Жаңалықтар
0