12:22 19 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.77
  • EUR427.26
  • RUB6.00
Қыз, иллюстративті фото

"Алла сақтасын!" Пәктігін сататын қыздар Бекболат Тілеуханның зәресін ұшырды

CC0
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1153 0 0

Өткен жылы 50 мыңға жуық қазақ қызы пәктігін қайта жасатып алған

АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. 20 мың долларға пәктік сатылады! Елімізде дәл осындай хабарландырулар күн сайын өсіп жатыр. Тіпті шетел азаматтары қазақ қыздарының пәктігіне миллиондаған доллар санап беруге дайын екенін жасырмайды. Ал абыройынан айырылған қыз-қырқындар арын жасанды жолмен, медицинаның көмегімен қайта жасатып алуға көшіпті.

Дәрігерлер соңғы 5 жылда мұндай отаға сұраныстың екі есе артқанын айтады. Өткен жылы 50 мыңға жуық қаракөз гименопластиканың көмегіне жүгініпті. Солардың бірімен Еуразия бірінші арнасының тілшісі тілдесіп көрген екен. 

Айнұрдың жасын он сегізде. Бесіктен белі шықпаған ару пәктігін еш ойланбастан 20 мың долларға бағалап отыр. Айтуынша, жігіттерден көңілі қалған. Құлай сүйген ғашығы үйленген болып шығыпты. Абырой болғанда арын сақтап қалған. Енді оны епті жігіттерге тегін сыйлағаннан гөрі есті жігіттерге саудалап, пайда тапқаным мың есе артық дейді. 

"Жігіттер бізді қолданып жатыр ғой, неге біз оларды қолданбасқа? Жігіттер кінәлі. Өйткені қызды бағаламайды. Қазіргі таңда таза болып келсең де, ұрсысып қалған қуып жіберуі мүмкін. Одан кейін сен дымсыз қаласың. Қолыңда ақша да болмайды, алимент те ала алмайсың", — дейді Айнұр.

Қыздың ары бизнеске айналып бара жатқанына ғаламтор бетіндегі хабарландырулар дәлел. Мәселен, жуырда ғана 19 жастағы қарағандылық ару пәктігін интернет-аукционға салып, дүйім жұрттың ашуын тудырды. Пәктігін саудалауға ниетті қаракөз қарындастарымыздың қатары күн санап өсуде. 

Ары таза қазақ қызына деген сұраныс сонау шетелден жиі түседі дейді мамандар. Тіпті АҚШ-тың, Еуропаның қалталы азаматтары ол үшін бірнеше миллион доллар ақша шашуға дайын екен. Дегенмен пәктік сату былай тұрсын, оны қалпына келтірудің де жолдары пайда болған. Бүлінген пердені қайта тігу ғылым тілінде гименопластика деп аталады екен.

Оқушы қыздардың пәктігін тексерген мектеп директоры жұмыстан қуылды 

"Көбіне жиырмаға дейінгі қыз балалар ойнап жүріп от басып қояды да, кейін өзінің қателескенін біліп, осындай операцияға жүгініп жатады. Бірақ бұл операцияны көбінесе Өзбекстанда жасайды, Қазақстанда жеке клиникаларда ғана жасайды", — дейді гинеколог Жұпар Маханова.

Гименопластика екіге бөліненді: қысқа және ұзақ мерзімді. Бір айға шыдайтынын жасату 100-200 доллар тұрады. Дегенмен жекеменшік клиникалардың барлығы бірдей оның бағасы мен зияны жайлы ашық айтудан қашады.  

Осы ретте елім-елім деген азаматтардың бірін сөзге тарттық. Бұл сұмдықты білмейтін болып шықты. 

"Астағфиролла! Астағфиролла! Құдай сақтасын! Алла сақтасын! Әркім өзінің бала-шағасына ие болмаса, әркім қара басының парасат-иманын қорымаса, мына заманда ұлттың аяғы асппанан келеді. Быт-шытымыз шығады. Ұрпаққа иманды тәрбие бермесек, осы жасалып жатқан нәрсенің бәрі адыра қалады. Балаңыздың тәні қасыңызда, жаны айдалада болады", — дейді мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан. 

Ал психолог мамандардың айтуынша пәктігін қалпына келтірген қыз баланың бақытты болып кетуі екіталай. Мұндай қадамға барған арудың ар-ұяты іштей жеп қояды. Себебі өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам. 

Ал кәсіпкер Жоланов тәрбиені үйдегі ұлдан бастау керек дейді. Айтуынша, мәселенің бәрі бүгінгі қазақ жігіттерінде.

"Қыздар кінәлі емес, біздің ер азаматтар кінәлі. Жасынан кәрісіне дейін мүмкіндігін, ақшасын пайдаланып, қиналып жүрген жас қыздарды құрығына түсіреді", — дейді Болатбек Жоланов.   


Тақырып бойынша

Ер адам 7 жасар қызға үйленіп, екі жылдан соң буындырып өлтірді
Басы жоқ қыз: опа-далаптың сіз білмейтін сиқыры (видео)
"Қыз әдемі емес" Зорланған әйел туралы осылай деген шенеунік жұрттың ашуына тиді
ӘЧ 2018: ең сұлу жанкүйер қыз өзін кім "порножұлдыз" деп атағанын айтты
Қазақстандық психолог педофилдің портретін жасап берді
Кілт сөздер:
гименопластика, пәктік жасату, пәктік, Бекболат Тілеухан, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып