22:32 15 Тамыз 2018
Тікелей эфир
  • USD363.28
  • EUR414.25
  • RUB5.44
Қайрат Әбдірахманов

Сайрагүлдің соты Қытаймен арақатынасымызға салқынын тигізбей ме? Министрдің жауабы

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Сайрагүл Сауытбайдың ісі (9)
166401

Шыңжаң ұйғыр автономиялық билігі 625 этникалық қазаққа Қазақстанға баруға шектеу қойған

АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қытайдағы қазақтар мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Сыртқы істер министрі Сайрагүл Сауытбайдың бостандыққа шығуы Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынасына ешқандай салқынын тигізбейтінін атап өтті. 

"Барлық мәселе құқықтық негізде шешіледі. Екі елдің қарым-қатынасына ешқандай салқынын тигізбейді", — деді Әбдірахманов.

Оның айтуынша, Шыңжаң ұйғыр автономиялық билігі 625 этникалық қазаққа Қазақстанға баруға шектеу қойған. 

"Қазір Қазақстан үкіметі Шыңжаң ұйғыр автномиялық билігі 625 этникалық қазақ үшін Қазақстанға шығуға қойған шектеуді жою мәселесін қарастыруда. 2018 жылғы 7 тамыздағы мәліметке сәйкес, Қазақстанның шетелдік мекемелері мен сыртқы істер министрлігіне жүгінген, Қазақстанға уақытша шығуға шектеу қойылған 19 азаматтың 15-і босатылды. Сондай-ақ қос азаматтық үшін ұсталған барлық 12 адам босатылды", — деді ол. 

Министр ведомствоға Қытайдан көшіп келген және үнемі Қазақстанда тұратын этникалық қазақтардан бірнеше мәселе бойынша өтінімдер түсіп жатқанын айтты. 

"Біріншіден, Қазақстан азаматтарының қос азаматтық үшін ұсталуы. Екіншіден, Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар Қытай азаматтарының ұсталуы. Үшіншіден, Қазақстан азаматтығын қабылдаған және Қазақстанда үнемі тұратын этникалық қазақтарға Қытайдағы зейнетақы жинақтарын беруін тоқтату туралы мәселе. Қазіргі таңда қос тарап осы мәселені шешу үшін тығыз жұмыс істеуде", — деді ол.

Тақырып:
Сайрагүл Сауытбайдың ісі (9)

Тақырып бойынша

Сайрагүл Сауытбай үкіметтен қандай көмек сұрады?
Сайрагүл Сауытбай бостандықта: қазақ неге алаңдайды?
Сайрагүл Сауытбай: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа рақмет! – видео
Сайрагүл Сауытбайдың соттағы соңғы сөзі
Прокурор Сайрагүл Сауытбайды Қытайға бермеуді және шартты жаза кесуді сұрады
Кілт сөздер:
этникалық қазақ, оралмандар, сот, Сайрагүл Сауытбай, Қайрат Әбдірахманов, Қытай, Қазақстан

Басты тақырыптар