22:32 15 Тамыз 2018
Тікелей эфир
  • USD363.28
  • EUR414.25
  • RUB5.44
Түрменің архивтегі фотосы

Америкада ұсталған үш қазақстандықтың аты-жөні белгілі болды

© Sputnik / Алексей Филиппов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
680 0 0

Қазақстанның үш азаматы ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін ұсталған

АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов АҚШ-та ұсталған қазақстандықтарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Бізге Нью-Йорк штаты оңтүстік округінен келіп түскен мәліметке сәйкес, қамауға алынған азаматтардың арасында Қазақстанның үш азаматы бар. Олар: Азиза Джавадзаде немесе Джалолова, 1994 жылы туған; Диора Аширова, 1991 жылы туған және Елена Құдайбергенова, 1970 жылы туған. Сыртқы істер министрлігі олардың Қазақстан азаматы екенін растады", — деді министр үкімет кулуарында.

Әбдірахманов Қазақстанның Нью-Йорктегі бас консулдығы Америка тарапымен тығыз қарым-қатынаста екенін атап өтті. 

"Біздің азаматтарға қажетті консулдық және құқықтық қорғауға байланысты қызмет көрсетіп жатырмыз. Азаматтарымыз әлемнің қай түкпірінде болса да, біз оларды қорғаймыз", — деді ол. 

Айта кетсек, бүгін таңертең Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы АҚШ-та үш қазақстандықтың ұсталғанын растаған еді. Қазақстан азаматтары ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін ұсталған. 

Бұған дейін интернет арқылы раритет көліктерді сатуға байланысты алаяқты жасаған бір топ адамның ұсталғаны хабарланған еді. Шығынның жалпы көлемі  — 4,5 миллион доллар.


Тақырып бойынша

"Іш киіміңді шеш". Әйелдерді тыр жалаңаш шешіндірген тергеуші ұсталды
Астанада туристік фирма алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
"Астана банкі" клиенттеріне алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін ескертті
Алматы тұрғынына бірнеше мәрте алаяқтық жасады деген күдік тағылды
Танымал қазақстандық режиссер шетелде ұсталды
Ермекбаев: шетелде діни білім алу шектелмек
Ақышев Ұлттық қордың шетелде бұғатталған 22 млрд долларына қатысты түсініктеме берді
Шетелде демалатын қазақстандықтарды туроператорларды таңдағанда сақ болуға шақырды
Кілт сөздер:
алаяқтық, түрме, Қайрат Әбдірахманов, Нью-Йорк

Басты тақырыптар