21:22 15 Тамыз 2018
Тікелей эфир
  • USD363.28
  • EUR414.25
  • RUB5.44
Ломбардтың маңдайша жазуы, архивтегі фото

Енді ломбардтар мүлкін өткізгендерді суретке түсіреді

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
75 0 0

Қазір ұлттық экономика министрлігі ломбардтар туралы ереже әзірлеп жатыр

АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстанда ломбардтар мүлкін өткізген адамдарды құжатымен қоса суретке түсіруге міндеттеледі. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министр елдегі ұрлық санын азайту үшін ломбардтарға қатысты қолға алынған шаралар туралы айтты. 

"Бізде ломбардтар ешбір заңды негізсіз жұмыс істеп келді. 1997 жылы Ұлттық банк олардың жұмысына қатысты ереже қабылдады, бірақ ол баяғыда ескіріп қалған. Қазір ломбардтар ұрланған мүлікті сату орнына айналды. Ұрлық жасайды да, бірден сол мүлікті өткізіп жібереді. Басқа шет елдерде мұндайға жол жоқ. Біз Ресей, Германия, Өзбекстан  және тағы басқа елдердің тәжірибесін зерделедік. Сондықтан біз заңға өзгерістер енгіздік, ол мамырда қабылданды. Осы заңға сәйкес, ұлттық экономика министрлігі ломбардтар туралы ереже әзірлеп жатыр. Біз оларды Германиядағы сияқты, мүлкін өткізген адамды және оның құжатын суретке түсіруге, бізге хабарлауға міндеттейміз. Біз өткізілген мүліктің заңдылығын тексереміз. Сол кезде қылмыскерлерде ұрланған затты ломбардқа өткізуге негіз болмайды", — деді Қасымов Алматыда өткен брифингте.

Министр 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін азаматтардың барлығы телефонын ЖСН арқылы тіркеуі тиіс екенін еске салды. Осының арқасында елде ұялы телефон ұрлығы азаюы тиіс. Оның айтуынша, бүгінде телефон ұрлығы барлық жасалатын қылмыстың 15-20%-ін құрайды.

Тұрғындар Қасымовқа жыныстық қатынас жайлы сұрақ қойып, әбден тығырыққа тіреді

Жамбыл облысында басбұзар киелі кітап Құранды шашып, аяққа таптады 


Тақырып бойынша

Теміртауда ломбард тонаған қарақшы бір айдан соң ұсталды
Алматыда ломбардты тонап кетті
Қасымов Қазақстанда қандай қылмыс түрі ең көп таралғанын айтты
Қазақстан түрмелерінде қылмыс 44%-ға артты
Өзбекстаннан келген оралман отбасында жантүршігерлік қылмыс жасалды
Астана мешітінде ұрлық жасаған тұрғын ұсталды
Астана прокуратурасы ұрлық ең көп жасалатын сауда ойын-сауық орталықтарын атады
Кілт сөздер:
ереже, ломбард, Ұлттық банк, Қалмұханбет Қасымов

Басты тақырыптар