Қоғам

Қарағандыда бойжеткендерді шетелге саудаламақ болған күдікті Грузиядан жеткізілді

© AP Photo / Patrick Semanskyкісен
кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саламех 2016 жылы Қарағандыда бойжеткендерді Қазақстаннан тысқары жерлерде есірткі делдалдары ретінде пайдаланбақ болған

АСТАНА,11 тамыз — Sputnik. Адам саудасымен айналысқан күдікті Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстандық содыр 6 жыл іздеуден кейін Ауғанстаннан экстрадицияланды

Бас прокуратураның және Қазақстанның ІІМ интерпол қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін адам саудалаған күдікті Иордания азаматы Амер Саламехты Грузиядан экстрадициялады. Ол Қарағанды облысы полициясының іздестіруінде болған. 

Істің материалдары бойынша Саламех 2016 жылы Қарағандыда бойжеткендерді Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде есірткі делдалдары ретінде пайдаланбақ болған.

Қылмыстық әрекетінен кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Осыған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланған еді.

Қазіргі уақытта Саламех Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Қазақстанға шетелден аса қауіпті қылмыскер  экстрадицияланды

Жаңалықтар
0