22:33 15 Тамыз 2018
Тікелей эфир
  • USD363.28
  • EUR414.25
  • RUB5.44
Қамауға алу

АҚШ-та ұсталған қазақстандық әйелдің күйеуі де күдікке ілінді

© REUTERS / Mohammed Salem
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
279 0 0

Қазақстандық әйел бес ай бүрын Әзербайжан азаматына тұрмысқа шыққан. Ерлі-зайыптылар алаяқтық жасағаны үшін айпыталды

АСТАНА, 11 тамыз — Sputnik. АҚШ-та ұсталған отандастарымызға қатысты тың дерек шықты. Алаяқтық жасады деп айыпталған  үш әйелдің бірі Әзиза Джалолованың күйеуі – Элвин Джавадзадеге де күдік келтірілді, деп хабарлайды КТК.

"Қызым наурызда айында тұрмысқа шықты. Бәлкім, күйеуінің қатысы бар шығар.. Тіпті не ойларымды да білмедім, ешкімге кінә арта да алмаймын. Адамның басына бермесін. Өте қиын жағдай", — дейді Әзиза Джалолованың анасы Лола.

23 жастағы Әзизаның анасының айтуынша,  қызы 5 ай бұрын АҚШ-та тұрмысқа шыққан. Әзизаның күйеуі 30 жастағы Элвин Әзербайжан азаматы екен.  Жас жұбайлардың тойына Әзизаның Тараздағы туыстары бара алмапты. Сол себепті Лола күйеу баласын жүзбе-жүз көрген жоқ.

Америкада ұсталған қазақстандықтардың туыстары мән-жайды айтып берді

Ал Диора Әшірованың жақындарының  сөзіне сүйенсек, күйеуі жақында  АҚШ-қа ұшқалы жатыр. Отбасының үш баласы АҚШ-та  екен.  

Айта кетсек, АҚШ-та алаяқтық жолмен көлік сатты деп ТМД құрамына кіретін 8 елдің 25 азаматы қамауға алынған. Олардың үшеуі қазақстандық. Күдіктілердің кінәсі расталса, 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тақырып бойынша

АҚШ-та үш қазақстандық әйелді 20 жылға түрмеге отырғызуы мүмкін
Қазақстанның сыртқы істер министрі АҚШ-қа барды
АҚШ-та Қазақстанның үш азаматына айып тағылды
АҚШ-та белгілі рэперді атып өлтірді
АҚШ: газ құбыры туралы жемқорлық іске қазақстандық шенеуніктің қатысы бар
Кілт сөздер:
сот, алаяқтық, қылмыстық іс, күйеуге шығу, қазақстандық әйел, ұстау, АҚШ

Басты тақырыптар