07:52 11 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD369.35
  • EUR421.47
  • RUB5.57
сәби, архив

Семейлік жігіт 28 жыл бойы өлді деп санап келген егіз сыңарын іздеп жүр

© Sputnik / Владимир Трефилов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1565 0 0

Семейде 28 жыл бұрын перзентханадағылар егіз ұлдың анасына біреуінің шетінеп кеткенін хабарлайды, бірақ денесін көрсетпейді. Содан көп жылдан бері әйелді сәбиі тірі ме деген күдік мазалап жүр

АСТАНА, 12 тамыз — Sputnik. Семейлік жігіт егіз сыңарын іздеп жүр, ол сәбиді 28 жыл бұрын перзентханадағылар сатып жіберді деп күдіктеніп отыр. 

1990 жылы 14 қаңтарда №2 перзентханада Айдос пен Жандос Мұсабековтер есімді егіздер дүниеге келеді. Жеті айлық нәрестелердің салмағы 1300 және 1500 грамм болған, сондықтан олар ерекше күтімді қажет етеді.

Бір аптадан кейін балалардың анасы Үміт Мұсабековаға Жандостың шетінеп кеткенін хабарлайды.

"Сәбилерім ауырып жатты, оларды емізуге палатаға алып келетін. Бір аптадан кейін кешкі 11 кезінде мені ординатор кабинетіне шақырып алып, ұлымның шетінеп кеткенін айтты. Баламның өлімі туралы анықтама берген жоқ, денесін көрсеткен жоқ. Сүт жоғалып кетеді дегенді айтты. Жас болдым, 23 жаста ғана едім, сөздеріне сендім", — деп еске алды Мұсабекова Spunik тілшісімен сұхбаттасып отырып.

Келесі күні әйелді баласымен бірге облыстық ауруханаға ауыстырады. Үміт Айдостың денсаулығына алаңдап, оны емдеу үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды. Ол тіпті көмек сұрап, емшілер мен балгерлерге де барған. Ал олар әйелге баласының тірі екенін айтып, үміт отын жаққан. Енді 28 жылдан кейін Үміт Мұсабекова ұлының қайтыс болғанына күдіктеніп отыр.

"Әуелде біз мұндай сөздерге мән бермейтінбіз. Жуырда мен өзім ауырып, емшіге бардым. Мен ол кісіге сенемін, баламның фотосын көріп, оның егізінің тірі екенін айтты", — дейді Мұсабекова.

Әйелдің айтуынша, баласын ақшаға басқа отбасына сатып жіберді. 28 жылдан кейін ол облыстық прокуратураға өтініш жазған, енді жақсы жаңалық күтіп отыр.

Бүгінде Үміт Мұсабекова Алматы қаласында тұрады. Үлкен ұлы Айдос үйленген, баласы бар. Кішісі Досжан университет бітіріпті.

Тақырып бойынша

Бір жарым жасар сәби балабақшадан қашып кетті - видео
Сәби ауладағы су құйылған ыдысқа құлап, тұншығып өлді
Ақтөбе жағажайында құм астында қалған сәби жансақтау бөлімінде жатыр
Көпбалалы отбасында салмағы 8 келі сәби дүниеге келді
Денесінен қыруар ине табылған сәби дәрігерлерді шошытты
Сәби ата-анасы өлгеннен соң 4 жылдан кейін дүниеге келді
Астанада алып сәби дүниеге келді
Кілт сөздер:
егіздер, сәби, перзентхана, Семей
Загрузка...

Басты тақырыптар