14:59 22 Ақпан 2019
Тікелей эфир
  • USD375.95
  • EUR425.80
  • RUB5.74
Әйел адам

АҚШ-та ұсталған әйелдердің бірі қолхатпен босатылды

© Sputnik / Anar Mustafayev
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
78 0 0

Диора Әшірованың күйеуі әйелінің алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталғанын жаңалықтардан білген

АСТАНА, 14 тамыз — Sputnik. АҚШ-та ірі алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған Диора Әшірова кетіп қалмау жөніндегі қолхатпен босатылды.

Қазақстан азаматшасы Диора Әшірованың үй қамақта отырғанын КТК арнасына күйеуі хабарлаған.

"Әйелім алданып қалды. Естуімше, Әзиза Диораға қосымша жұмыс беріпті. Көшелерге жарнама қағазын іліп шықсаң болды деген. Ақысын да төлейтін болған. Бұған оның әзербайжандық күйеуінің де қатысы бар. Қазір әйеліммен хабарласа алмай отырмын", — дейді Диораның күйеуі Фуркат Абраров. 

Фуркаттың әйелін алдады деген қазақстандық Әзиза Джалолова мен оның күйеуі әзербайжан Элвин Джавадзаде Америкада алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған.

Фуркат пен Диора -қа алты жыл бұрын көшіпті. Күйеуі көлік жөндеп, әйелі үй тазалаушы болып күнелтеді. Фуркаттың әкесінің денсаулығы сыр берген соң, былтыр елге оралыпты. Үш баласы мен әйелі Нью-Йоркте қалған. 

Қазір Диора Әшірова үй қамақта отыр. Әйел адам келесі сот отырысына дейін ешкіммен сөйлесе алмайды. Ал Фуркат бала-шағасын елге жеткізу үшін виза ашуға көмек сұрамақ.

Естеріңізге сала кетсек, АҚШ-та алаяқтық жолмен көлік сатқан ТМД елдерінен шыққан 25 адам қамауға алынды. Олардың арасында үш қазақстандық әйел бар.

Кілт сөздер:
жаза, қылмыстық іс, сот, қазақстандық әйел, күдіктілер, ұстау, алаяқтық, сыртқы істер министрлігі, Нью-Йорк, АҚШ
Загрузка...

Басты тақырыптар