Қоғам

Астанада белгісіз біреу науқас қыздың еміне жиналған ақшаны ұрлап кетті – видео

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Науқас қыздың еміне қаржы жинау мақсатында орнатылған жәшікті ер адам ұрлап кетті

АСТАНА, 14 тамыз — Sputnik. Астанада бауыр трансплантациясын күтіп жатқан 32 жастағы Гүлдана Құрманғалиеваның еміне жиналған қаржы қолды болды.  Ұры ақша салынған жәшікті алып кеткен сәт видеоға түсіп қалған. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне науқас қыздың құрбысы Алина Семізбаева хабарлады.

Науқас бала - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодарда науқас баланың еміне жиналған ақша ұрланды

"11 тамызда қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. Бұл   концерттің мақсаты менің құрбым Гүлдана Құрманғалиеваның еміне ақша жинау болатын. Ол бауыр ауыстыру операциясын күтіп жатыр. Операция Дели қаласында ақылы негізде жасалады деп жоспарланып отыр. Соған қаржы жинау мақсатында Астана қаласындағы Burger Shop мейрамханасына жәшік орнатылды. Пластмассадан жасалған жәшік ештеңеге бекітілмеген еді. Мекеме әкімшілігі қайырымдылық концертінен кейін жәшікті тағы бір апта қалдыруды сұрады. Содан бір аптадан кейін алып кететін болып келіскен едік. Алайда кеше аталған жәшікті ұрлап кеткені жөнінде хабар алдық. Ұры мейрамханада ешкім болмаған сәтті пайдаланған. Оның ішінде қанша қаржы болғанын біз білмейміз", — дейді науқас қыздың құрбысы.

Сейфтен бір жарым миллион теңге ұрлаған еден жуушы әйел ұсталды

Алина Семізбаева атап өткендей, жәшікті белгісіз ер адам алып кеткені видеокамераға түсіп қалған. 

 

"Құрбыларымыздың бірі полицияға арыз жазды. Қазір іздеп жатыр", — деп түйіндеді ол.  


Жаңалықтар
0