21:40 07 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.87
  • EUR495.59
  • RUB5.70
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
947511

Ғалымдар жеміс-көкөніс қосылған дұрыс диетаның рак ауруына шалдығу қаупін төмендететінін айтып отыр

АСТАНА, 16 тамыз — Sputnik. Орамжапырақ, кольраби мен брокколидің құрамында ішектің микрофлорасын қалпына келтіретін және онда микробтардың пайда болуынан қорғайтын заттар бар. Бұл туралы Immunity журналында жарияланған мақалада жазылған, деп хабарлайды РИА Новости. 

"Бұл жаңалық көңілге үлкен үміт ұялатады. Өйткені біз рактың пайда болуына әкелетін генетикалық факторларды өзгерте алуымыз екіталай. Екінші жағынан, біз олардың ықпалын жеміс-көкөністен тұратын диетаға көшу арқылы төмендете аламыз", — дейді Лондондағы Фрэнсис Крик институының ғалымы Гитта Стокингер.

Биологтар тышқандарға эксперимент жүргізіп, Орамжапырақ, кольраби мен брокколидің құрамында көп болатын I3C затының ісіктің әрі қарай өсуіне жол бермейтінін анықтады. Сондай-ақ, ол тышқандарды тік ішек рагына шалдығуынан қорғаған. Бұған қоса I3C қабынуды төмендетіп, микрофлораны қалыпқа келтірген.

Әзірге I3C затының адам ішегінің жасушаларына қалай әсер ететіні белгісіз. Ғалымдар жақында тәжірибе өткізіп, оны анықтамақ. Стокингердің айутынша, қайткен күнде де орамжапырақ және басқа да жеміс-көкөністердің еш зияны жоқ, сондықтан оны диетаға қосу денсаулыққа өте пайдалы болады. 

Өлім алдында адамның қандай күйде болатыны жарияланды

Ғалымдар қанша тамақ жесең де, семірмеудің жолын тапты

Тіс пастасының қаупі анықталды

Тақырып бойынша

Ғалымдар айнаға қараудың денсаулыққа неге пайдалы екенін айтып берді
Ғалымдар қандай ыдыстың рак тудыратынын анықтады
Ғалымдар әжетхана қағазынан бас тартуға шақырды
Ғалымдар бір орында тапжылмай ұзақ отырудың неге әкеп соғатынын айтты
Бұлтты ауа райының адамға қандай қаупі бары анықталды
Ақылды және ұзақ өмір сүретін адамдар қай айда дүниеге келетіні анықталды
Ерте өлу тәуекелін төмендететін азық-түлік анықталды
Кілт сөздер:
ғылым, рак, зерттеу, ғалымдар, орамжапырақ
Загрузка...

Басты тақырып