Қоғам

Астаналық "қарт балаға" пластикалық ота жасалды

© PhotoБаланың қолы, иллюстративті фото
Баланың қолы, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сирек кездесетін аурудың салдарынан баланың қабағы созылып кеткен, сондықтан отбасы ота жасатуға шешім қабылдаған

АСТАНА, 16 тамыз — Sputnik.  Ернар Әлібеков сирек кездесетін патология – солғын тері синдромынан зардап шегеді. Оған басқа да аурулар қосылған. Жақында Алматыда алты жасар баланың қабағына ота жасалды.

Ернардың анасы Зебинса Төлебергенова балаға арналған Instagram-дағы аккаунтта хабарлағандай, операцияны Алматыдағы Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының мамандары жасады. 

Аурудың салдарынан баланың қабағы қатты созылған. Ернардың анасының айтуынша, балаға кірпігі кедергі келтірген, ол үнемі көзін қолымен уқалап жүретіндіктен инфекция түскен, сондықтан отбасы ота жасатуға шешім қабылдаған. Оны квота арқылы жасатуға болады, бірақ оған көп уақыт керек болушы еді. Отбасы ақылы операцияға келісім берді, қаржыны қайырымды жандар жинап берді.  

"Бізге осындай мүмкіндік бергендеріңіз үшін барлығыңызға рахмет. Өзіміздің шамамыз келмеуші еді", — деп жазған Ернардың анасы отаға төленген қаржының көлемін жариялады. Ол 112 мың теңгеге (300 доллардан астам) түскен.

Зебинса Төлебергенова баланың одан кейінгі суретін жариялады. 

"Жібін 20 тамызда алады, көгерген жері әлі кеткен жоқ", — деп жазды ол.

 

 

Бұған дейін Ернардың анасы бұл ауру балаға бір ай толғанда жабысқанын айтқан еді. 

Жаңалықтар
0