09:27 20 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
мұғалім

Министр ұстаздардың үстемеақысын көбейту мәселесі шешіліп жатқанын айтты

CC0 / Alexas_Fotos
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
136101

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін 205 мың мұғалімнің жалақысы 30%-ға көбейді

АСТАНА, 17 тамыз — Sputnik.  Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ұстаздардың үстемеақысын көбейту мәселесі шешіліп жатқанын айтты. Бұл туралы министр тамыз конференциясы барысында сөз етті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Тамыз конференциясында Ерлан Сағадиев ұстаз қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оларды алда қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтып берді.

"Келесі негізгі мәселе – бұл мұғалімдер. Менің блогыма, жеке кездесулерде мұғалімдерден сұрақтар өте көп түседі. Соның басым көпшілігі —  мұғалімдерді басқа жұмыстарға тарту. Оны шешу үшін, біріншіден, естеріңде болса, былтырдан бері үй аралауды алып тастадық. Бірақ осы уақытқа дейін мұғалімдерді бөгде жұмысқа тарту облыстардың практикасында әлі сақталуда. Оны білеміз. Бүгін осы залда отырған облыс әкімдерінің орынбасарлары білім басқармаларының басшыларымен бірге осы тәжірибені жүйелі түрде тоқтату қажет. Министрлік өз тарапынан педагогтар толтыруға тиіс құжаттардың тізбесін алғаш рет бекітті. Ол тек 5 құжат, одан басқа мұғалімдерден ешқандай есеп, ешқандай қағаз сұралмауы тиіс. Мектеп директорлары осыны орындауы керек. Тексеруші органдар, білім саласындағы бақылау департаменті тексеру кезінде оны ескеретін болады", — дейді министр. 

Әрі қарай Сағадиев жаңа оқу жылынан бастап ҰБТ-ға қатысу міндетінен мұғалімдерді босату мәселесіне тоқталды. Айтуынша, министрлік бұл шешімді толықтай қолдайды. Осыған орай, мектептердің ҰБТ бойынша рейтингін алып тастаған-ды. Сондай-ақ, мұғалімдер мен ата-аналар арасында алғаш рет жасалғалы отырған келісімшартқа тоқталды. 

Тағы оқыңыз: Баланы мектепке дайындау қанша тұрады

"Мұғалімдердің және мектеп әкімшілігінің құқығын қорғайтын және міндетін реттейтін мектеп пен ата-ана арасында келісімшарт жасауды алғаш рет енгіздік. Екі тарап өз міндеттерін және құқығын білетін және орындайтын жүйе қалыптастыру өте маңызды. Осының барлығы мұғалім жұмысын жеңілдетуге бағытталған шаралар. Енді мұғалімдерге қойылатын талаптар мен ынталандыру жайында. Барлықтарыңыз білесіздер, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін 205 мың (67%) мұғалімнің жалақысы 30%-ға көбейді. Үстемақының тек қана 18 сағатқа төленетінін біз білеміз. Қазір осы мәселені шешіп жатырмыз", — дейді ол. 

Педагог қызметкерлердің тамыз конференциясы — жаңа оқу жылының басталуына және жаңа идеяларға бастама беретін дәстүрлі оқиға. Конференция Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" жолдауында және "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласында айқындалған міндеттерді іске асыру аясында білім беру саласын жаңғырту жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеуге, туындаған мәселелер мен инновацияларды талқылауға арналған сұхбат алаңына айналады.

Тақырып бойынша

Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлер үшін тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды
Қағазбастылықпен күрес. Енді мұғалімдер 5 құжат қана толтырады
Еңбек өтілі көп мұғалімдер зейнетке ерте шыға ала ма?
"Екіжүздісіз!" ҰБТ кезінде түлектерге көмектескен мұғалімдер желіні шулатты
Сағадиев биыл білім саласында қандай өзгерістер болатынын айтты
Сағадиев қандай оқушылар дене шынықтыру сабағынан босатылатынын айтты
Сағадиев Мәскеуде қаза тапқан қазақстандық қыздың өліміне қатысты түсініктеме берді
Енді мұғалімдер смартфон арқылы оқушыға баға қояды
Мұғалімдер енді үй-үйді араламайтын болады
Кілт сөздер:
ҰБТ, ұстаз, оқушы, Білім және ғылым министрлігі, Ерлан Сағадиев, Астана, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып