Қоғам

Астана мен бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуАуа райы
Ауа райы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидрометтің" мәліметінше, Астанада, Ақмола және Қызылорда облыстарында ауа райы бұзылады

АСТАНА, 18 тамыз— Sputnik. Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты дабылды ескерту жарияланды.

Солтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жауады

Күн бұзылады - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ауа райы болжамы: Қазақстанда күн суытады
  

"Қазақстанның елордасы Астанада 19 тамыздан бастап күн бұзылады. Жексенбі және дүйсенбіде найзағай ойнап, дауыл тұрады және бұршақ жауады. Сейсенбі, 21 тамызда қатты жаңбыр жауады, солтүстіктен соққан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді", — деп хабарлады Қазгидромет.

Айта кетейік, 21 тамызда мұсылмандар үшін маңызды мереке Құрбан айт басталады.  

Сондай-ақ бұл күні елордада марафон өткізу жоспарланған.  

Ақмола мен Қостанай облыстарында да ауа райы сондай болады деп болжанып отыр, жел секундына 25 метрге дейін күшейеді. Мұнда найзағай ойнап, бұршақ, жаңбыр жауады, дауылды жел тұрады.   

 Оңтүстікте жел соғады  

Еліміздің оңтүстігінде де ауа райы бұзылады. Қызылорда облысында 19-21 сәуір күндері найзағай ойнайды, солтүстік-батыс желі секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.  

Батыста шаңды дауыл тұрады  

Жексенбі күні Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, солтүстік, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.


Жаңалықтар
0