Қоғам

Ғалымдар: Ұйқысы жиі қанбайтын адамдар жалғыз қалады

© Pixabay/Wokandapixер адам басын жастықпен жауып отыр
ер адам басын жастықпен жауып отыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зерттеу жұмысына қатысқан тағы да 140 адам ұйқылары қанбаған кезде өздерін жалғыз сезінгендерін айтқан

АСТАНА, 19 тамыз — Sputnik. Көптеген адам ұйқымыз үздіксіз дұрыс қанбай жүре беретін болса, салдары қандай болатынын білмейді. Шын мәнінде, мұндайда адамның есте сақтау қабілеті нашарлап, көңіл-күйі түсіп, психологиялық күйзеліске ұшырайды. Бар болғаны осы емес. Жуырда Берклидегі Калифорния университетінің зерттеушілері Nature Communications журналына берген мақалаларында ұйқысыздық пен жалғыздықты байланыстырған. Сондай-ақ, бұл жалғыздықтың бір адамнан екіншісіне жұғатыны белгілі болды.

Тоңазытқыш - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Түнде тамақ жеу неге зиян?

Тәжірибе жұмысына түнімен әдеттегідей ұйықтаған немесе мүлдем ұйықтамаған 18 адам қатысты. Келесі күні олар психологиялық тестіден өтті. Аталған тестіге сәйкес, олар қарама-қарсы келе жатқан адамды өздеріне қажет қашықтықта тоқтатулары тиіс болатын.

Сондай-ақ, олар магнитті-резонанстық томографияның ішінде жатып видео көрді. Бұл видеода да оларға қарсы адам келе жатады. Екінші тәжірибе ұйқы қанбаған кезде мидың қалай жұмыс істейтіндігін білу үшін жасалды.

Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты

Екі тәжірибенің де нәтижесінде адамның ұйқысы қанбаған кезде қарама-қарсы келе жатқан жанды өздерінен әлдеқайда алыс қашықтықта ұстайтыны белгілі болды. Сондай-ақ, ұйқысы қанбаған кезде мидың адамнан төнетін қауіпке анализ жасайтын бөлігі қосылатыны анықталды. Ал керісінше мидың адамдарға жанашырлық танытатын бөлігі әлсірей бастаған.

Әйелдердің басы неге ауыра береді?

Қорытатын болсақ, мұның барлығы соңында жалғыздыққа әкеліп соқтырады. Себебі, ұйқысы қанбаған адам өзгелерден тек қауіп-қатер төніп тұр деп ойлап, алшақтауға тырысатын болады. Осы зерттеу жұмысына қатысқан тағы да 140 адам ұйқылары қанбаған кезде өздерін жалғыз сезінгендерін айтқан.

Жаңалықтар
0