14:11 22 Сәуір 2019
Тікелей эфир
  • USD379.29
  • EUR426.40
  • RUB5.93
Коктейль

Энергетикалық сусындардың зияны туралы не білеміз?

© Public Domain
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
244 0 0

"Коктейльден" кейін олардың жанында жыртқыш балық жүргенін сезбей қалатыны белгілі болды

АСТАНА, 19 тамыз — Sputnik. АҚШ, Ұлыбритания және Бразилия елдерінен жиналған биологтар тобы спирт қосылған және энергетикалық сусындардың адамдар денсаулығына қандай кері әсері бар екенін анықтады. Зерттеу нәтижесі Journal of Psychiatric Research журналында жарияланды. 

Ғалымдар спирт пен энергетикалық сусындардың басты қоспасы этанол мен тауриннің адам ағзасына тигізетін кері әсерін зерттеді. Тәжірибе барысында мамандар данио-рерио балықтарын екі аквариумге орналастырып, оның біріне су, екіншісіне аз мөлшерде таурин мен этиль спиртін қосты. Балықтар әрекеттерінде қандай өзгерістер болатынын білу үшін оларды кейін басқа балықтар жүрген аквариумге орналастырды.

Ғылыми тәжірибе нәтижесінде этанол мен таурин құйылған аквариумде жүзген данио-рерио балықтарының қоғамдық белсенділігі төмендегені анықталды. Сондай-ақ, "коктейльден" кейін олардың жанында жыртқыш балық жүргенін сезбей қалатыны белгілі болды.

Осылайша Бразилиядағы Санта-Мария федералды университетінің мамандары тауриннің алкогольдің жағымсыз әсерін күшейтіп, тәжірибеге қатысушылардың қоғамдық белсенділігін төмендетіп, қорқыныш сезімін жойып жібереді, деген болжам жасады.

Ер адамдардың әйелдерге қарағанда ақылды екендері рас па?

Этиль спирті орталық жүйке жүйесіне кері әсерін тигізетін кеңінен таралған депрессант болып табылады. Қорыта айтатын болсақ, алкогольді шектен тыс пайдалану көптеген физиологиялық, психологиялық проблемаларға әкеліп соқтырады.

Тақырып бойынша

Аю ішімдік сақталған қоймаға кіріп, шыға алмай қойды - куәгерлер видеосы
ШҚО-да ішімдік ішкен оқушы қыз комаға түсті
Алматыда жасанды ішімдік шығаратын цех табылды
Мемлекеттік қызметкер қызының тойында ішімдік ішуге рұқсат сұрады
Қасымов не себепті қазақстандықтарға үйде ішімдік ішуге тыйым салынғанын айтты
Қазақстанда ішімдік ішу деңгейі адам басына шаққанда жылына 11 литр
Кілт сөздер:
коктейль, ішімдік, зерттеу, ғалымдар, Бразилия, Ұлыбритания, АҚШ
Загрузка...

Басты тақырып